https://sputnik.kz/20261026/bugin-alemde-zhane-qazaqstanda-qanday-mereke-bolady-26-qazan-67913935.html
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 26 қазан
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 26 қазан
Sputnik Қазақстан
26 қазан күні не болғанын білесіз бе? 26.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-26T00:01+0500
2026-10-26T00:01+0500
2026-10-26T00:01+0500
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе
қызықты деректер
https://sputnik.kz/img/1179/92/11799244_58:0:2943:1623_1920x0_80_0_0_19cb171c2d32f81ee251eeb91b857833.jpg
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.26 қазан күні қандай қызықты оқиғалар болдыАҚШ, Еуропа және Латын Америкасының кей мемлекеттері 26 қазанда ене күнін атап өтеді. Бастапқыда бұл күнді әзіл ретінде атап өтетін болған. Кейін көптің көңілінен шықса керек, күнтізбеге мереке ретінде енгізілді. Бұл күні әр күйеу бала енесіне өзіне тамаша жар бола білген қызды тәрбиелеп бергені үшін алғыс айтып, сыйлық сыйлайды.26 қазан мен 7 қараша аралығында Әзербайжанда халықаралық анар мерекесі өтеді. Осы мерекемен байланысты маңызды шаралардың барлығы Гейчай қаласында ұйымдастырылады. Мереке қарсаңында тұрғындар қаланы безендіріп, дәстүрлі анарлар жәрмеңкесіне дайындалады. Емшілер мереке кезінде халыққа анардың пайдасы мен оның қандай ауру кезінде ем екенін айтып береді. Мұнымен қатар, бүгін Австрия мемлекетінің ұлттық күні. 1955 жылы осы күні аталған мемлекет кеңес әскерін мемлекет территориясынан шығарған.26 қазанда әлемде болған тарихи оқиғалар1492 жылы грифельді қарындаш алғаш рет қолданыла бастады;1824 жылы Мәскеуде Кіші театрдың ашылу салтанаты өтті;1825 жылы АҚШ-та Эри каналы ашылып, Ұлы көлдер аймағын Гудзон өзені арқылы Атлант мұхитымен байланыстыратын су жолы іске қосылды;1863 жылы Англияда Футбол қауымдастығы құрылып, футболдың бірыңғай ережелерін қалыптастыруға негіз қаланды;1900 жылы Нью-Йоркте бірінші метрополитен ашылды;1917 жылы Бразилия Бірінші дүниежүзілік соғыста Германияға қарсы соғыс жариялады;26 қазанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар1964 жылы Қазақстан компартиясы орталық комитеті мен республика министрлер кеңесі Целиноград медициналық институтын құру туралы шешім қабылдады;1969 жылы "Гүлдер" эстрадалық жастар ансамблі ашылды; 2005 жылы жазушылар үйінің мәжіліс залында Қытай мен Моңғолиядан келген қандастарымыздың бастамасымен жарыққа шыққан "Үн" атты әдеби журналдың таныстырылымы өтті;2006 жылы Оралда Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті табиғи-географиялық факультеті ғимаратына белгілі ғалым-педагог, биология ғылымдарының докторы Есенбай Ағелеуовтің құрметіне мемориалдық тақта орнатылды;2009 жылдың 6 қаңтарында Қазақ медицина академиясы "Астана медициналық университеті" АҚ болып қайта құрылды;2010 жылы Алматы облысында Талдықорған-Үштөбе тасжолындағы Қаратал өзені арқылы өтетін көпір құрылысы аяқталды;2010 жылы мемлекет басшысының Бельгия Корольдігіне жасаған ресми сапары аясында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы мен ұсынысы бойынша тараптар Қазақстан мен Бельгия арасындағы іскерлік кеңес құру туралы шешім қабылдады;2015 жылы Қазақстан Республикасының мəдениет жəне спорт министрлігі Италияның мұрағатынан Дешті Қыпшақ кезеңінде жазылған "Кодекс куманикустың" электронды нұсқасын елге əкелді.26 қазанда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар1880 жылы орыс жазушысы, сыншы, ақын Андрей Белый дүниеге келді;1914 жылы кинематография саласына бала жұлдыз ретінде енген актер Джеки Куган туды. Ол Чарли Чаплинмен бірге жұмыс істеген;1916 жылы Францияның бұрынғы президенті Франсуа Миттеран дүниеге келді. Ол 1981–1995 жылдары елді басқарды;1919 жылы Иранның соңғы шахы Мұхаммед Реза Пехлеви дүниеге келді;1925 жылы балалар жазушысы Владимир Железников туды;1947 жылы АҚШ-тың бірінші ханымы Хилларри Клинтон дүние есігін ашты.1959 жылы Боливияның бұрынғы президенті Эво Моралес дүниеге келді.26 қазанда Қазақстанда кімдер дүниеге келді1904 жылы мемлекет және қоғам қайраткері Нұртас Оңдасынов дүниеге келді;1929 ғалым, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Құбығұл Жарықбаев туды;1954 жылы қазақстандық мемлекеттік қайраткер және дипломат Ерғали Бөлегенов дүние есігін ашты;1955 жылы геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы минералдық ресурстар академиясының академигі Болат Өжікенов дүниеге келді;1964 жылы бұрынғы ҚР парламенті сенатының депутаты Еділ Мамытбеков туды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1179/92/11799244_419:0:2583:1623_1920x0_80_0_0_4ce4245b3d4ffe1ed303091506730500.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе, қызықты деректер
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе, қызықты деректер
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 26 қазан
26 қазан күні не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын
Sputnik дерекқорынан оқыңыз.
26 қазан күні қандай қызықты оқиғалар болды
АҚШ, Еуропа және Латын Америкасының кей мемлекеттері 26 қазанда ене күнін атап өтеді. Бастапқыда бұл күнді әзіл ретінде атап өтетін болған. Кейін көптің көңілінен шықса керек, күнтізбеге мереке ретінде енгізілді. Бұл күні әр күйеу бала енесіне өзіне тамаша жар бола білген қызды тәрбиелеп бергені үшін алғыс айтып, сыйлық сыйлайды.
26 қазан мен 7 қараша аралығында Әзербайжанда халықаралық анар мерекесі өтеді. Осы мерекемен байланысты маңызды шаралардың барлығы Гейчай қаласында ұйымдастырылады. Мереке қарсаңында тұрғындар қаланы безендіріп, дәстүрлі анарлар жәрмеңкесіне дайындалады. Емшілер мереке кезінде халыққа анардың пайдасы мен оның қандай ауру кезінде ем екенін айтып береді.
Мұнымен қатар, бүгін Австрия мемлекетінің ұлттық күні. 1955 жылы осы күні аталған мемлекет кеңес әскерін мемлекет территориясынан шығарған.
26 қазанда әлемде болған тарихи оқиғалар
1492 жылы грифельді қарындаш алғаш рет қолданыла бастады;
1824 жылы Мәскеуде Кіші театрдың ашылу салтанаты өтті;
1825 жылы АҚШ-та Эри каналы ашылып, Ұлы көлдер аймағын Гудзон өзені арқылы Атлант мұхитымен байланыстыратын су жолы іске қосылды;
1863 жылы Англияда Футбол қауымдастығы құрылып, футболдың бірыңғай ережелерін қалыптастыруға негіз қаланды;
1900 жылы Нью-Йоркте бірінші метрополитен ашылды;
1917 жылы Бразилия Бірінші дүниежүзілік соғыста Германияға қарсы соғыс жариялады;
26 қазанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1964 жылы Қазақстан компартиясы орталық комитеті мен республика министрлер кеңесі Целиноград медициналық институтын құру туралы шешім қабылдады;
1969 жылы "Гүлдер" эстрадалық жастар ансамблі ашылды;
2005 жылы жазушылар үйінің мәжіліс залында Қытай мен Моңғолиядан келген қандастарымыздың бастамасымен жарыққа шыққан "Үн" атты әдеби журналдың таныстырылымы өтті;
2006 жылы Оралда Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті табиғи-географиялық факультеті ғимаратына белгілі ғалым-педагог, биология ғылымдарының докторы Есенбай Ағелеуовтің құрметіне мемориалдық тақта орнатылды;
2009 жылдың 6 қаңтарында Қазақ медицина академиясы "Астана медициналық университеті" АҚ болып қайта құрылды;
2010 жылы Алматы облысында Талдықорған-Үштөбе тасжолындағы Қаратал өзені арқылы өтетін көпір құрылысы аяқталды;
2010 жылы мемлекет басшысының Бельгия Корольдігіне жасаған ресми сапары аясында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы мен ұсынысы бойынша тараптар Қазақстан мен Бельгия арасындағы іскерлік кеңес құру туралы шешім қабылдады;
2015 жылы Қазақстан Республикасының мəдениет жəне спорт министрлігі Италияның мұрағатынан Дешті Қыпшақ кезеңінде жазылған "Кодекс куманикустың" электронды нұсқасын елге əкелді.
26 қазанда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар
1880 жылы орыс жазушысы, сыншы, ақын Андрей Белый дүниеге келді;
1914 жылы кинематография саласына бала жұлдыз ретінде енген актер Джеки Куган туды. Ол Чарли Чаплинмен бірге жұмыс істеген;
1916 жылы Францияның бұрынғы президенті Франсуа Миттеран дүниеге келді. Ол 1981–1995 жылдары елді басқарды;
1919 жылы Иранның соңғы шахы Мұхаммед Реза Пехлеви дүниеге келді;
1925 жылы балалар жазушысы Владимир Железников туды;
1947 жылы АҚШ-тың бірінші ханымы Хилларри Клинтон дүние есігін ашты.
1959 жылы Боливияның бұрынғы президенті Эво Моралес дүниеге келді.
26 қазанда Қазақстанда кімдер дүниеге келді
1904 жылы мемлекет және қоғам қайраткері Нұртас Оңдасынов дүниеге келді;
1929 ғалым, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Құбығұл Жарықбаев туды;
1954 жылы қазақстандық мемлекеттік қайраткер және дипломат Ерғали Бөлегенов дүние есігін ашты;
1955 жылы геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы минералдық ресурстар академиясының академигі Болат Өжікенов дүниеге келді;
1964 жылы бұрынғы ҚР парламенті сенатының депутаты Еділ Мамытбеков туды.