Ақтөбеде 1,5 мың жаңа жұмыс орны ашылады

© Sputnik / Ертай Сарбасов Архивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.10.2026
Жазылу
Өңірде жоспарланған 27 жобаның 21-і іске асырылды
АСТАНА, 26 қазан – Sputnik. Ақтөбе облысындағы индустриялық аймаққа соңғы 2,5 жылда 130 млрд теңге инвестиция тартылды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Өңірде жоспарланған 27 жобаның 21-і іске асырылды. Қалған жобалар толық жүзеге асқан кезде шамамен 1 500 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.
"Индустриялық аймақта инвесторларға дайын инженерлік инфрақұрылым мен қолайлы жағдайлар ұсынылады. Бұл кәсіпорындардың құрылыс шығындарын азайтып, жобаларды іске асыру мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді", – деп хабарлады әкімдік.
Осындай мүмкіндіктерді пайдаланған кәсіпорындардың бірі – Владимир Ли басқаратын компания. Оның айтуынша, жер учаскесін алу және дайын инженерлік желілерді пайдалану құрылыс шығындарын едәуір азайтуға мүмкіндік берген. Компания құрылысты 2023 жылы бастап, 2025 жылы аяқтаған.
Ақтөбеде тәулігіне 150 тоннаға дейін макулатура өңдейтін зауыт салынып жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.10.2026
Ақтөбеде тәулігіне 150 тоннаға дейін макулатура өңдейтін зауыт салынып жатыр
Жаңалықтар
0