Си Цзиньпин, Трамп пен Ердоған Тоқаевты Республика күнімен құттықтады

© Sputnik / Санат ИмангалиевАкорда
Акорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.10.2026
Жазылу
Құттықтау жеделхаттары әлі де келіп түсіп жатыр
АСТАНА, 25 қазан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына шет мемлекеттер басшылары мен халықаралық ұйымдар жетекшілерінен Республика күніне байланысты құттықтаулар келіп түсіп жатыр, деп хабарлады Ақорда.
Ресей президенті Владимир Путин жеделхатта Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік салаларда қол жеткізген табыстарына тоқталып, еліміздің халықаралық қарым-қатынаста салмақты әрі сындарлы рөл атқаратыды.
"Ресей мен Қазақстан арасындағы байланыстар стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухында жемісті ілгерілеп келеді. Барлық бағыттағы өзара тиімді ынтымақтастығымызды достас халықтарымыздың игілігі үшін, сондай-ақ Еуразия кеңістігіндегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту жолында дәйекті түрде тереңдете береміз деп сенемін", – деп жазды Владимир Путин.
Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанда ауқымды саяси реформалар іске асырылғанын айтып, халықтың әл-ауқатын көтеру, елдің өңірлік және халықаралық позициясын нығайту бағытында қарқынды жұмыс жүргізіліп жатқанына назар аударған.
"Қазақ-қытай қарым-қатынасын ілгерілетуге ерекше мән беремін. Екіжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мақсатында бірлесе күш жұмылдыруға, сондай-ақ халықтарымыздың игілігі үшін ықпалдастық мазмұнын байытуға әзірмін", – деді Си Цзиньпин.
Сонымен қатар мемлекет басшысының атына құттықтау хатын АҚШ президенті Дональд Трамп та жолдаған.
"Мемлекеттеріміз арасындағы Кеңейтілген стратегиялық серіктестікті жоғары бағалаймын және мен президенттік лауазымды атқарған екі мерзімде қалыптасқан берік байланысты одан әрі нығайтамыз деп сенемін. Осы қуанышты сәтті сіздермен бөлісу – мен үшін зор мәртебе", – деп жазған Дональд Трамп.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстан мен Өзбекстан арасында орнаған стратегиялық серіктестікке және одақтастық қарым-қатынасқа көңілі толатынын жеткізген.
"Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 1990 жылы 25 қазанда Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның қабылдануы Қазақстанның тәуелсіздігіне жол ашқанын, сондай-ақ елдің тарихи мұраға адалдығын және халықтың дербес ел болашағының іргесін қалау жөнінде батыл шешім қабылдағанын паш еткенін айтқан", - деп хабарлады Ақорда.
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Қазақстанмен арадағы тарихи дәстүрді, өзара құрметті және сенімді арқау еткен достық қарым-қатынас пен ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын жазған.
"Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов құттықтауында Қазақстан егемендік жылдарында мемлекеттілікті нығайтуда, халықтың әл-ауқатын жақсартуда және елдің халықаралық аренадағы беделін арттыруда айтарлықтай табысқа жеткеніне назар аударған", - деп жазылған хабарламада.
Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған тарихи және мәдени тамыры біте қайнасқан екі елдің ерекше қарым-қатынасы қос халықтың игілігі үшін кеңейтілген стратегиялық серіктестік рухында тереңдей беретініне сенім білдірген болса, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Әзербайжан халқы бауырлас ел ретінде Қазақстанның елеулі табыстарына риясыз қуанатынын жазды.
Сондай-ақ құттықтау лебіздерін Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Армения премьер-министрі Никол Пашинян, БАӘ президенті, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаян, Испания Королі VI Фелипе және тағы басқа мемлекеттер басшылары мен түрлі ұйым басшылары және басқа да ресми тұлғалар жолдады.
Құттықтау жеделхаттары әлі де келіп түсіп жатыр.
Қазақстан мен Ресей президенттері - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.10.2026
Қазақстан халықаралық аренада лайықты беделге ие - Путин
Жаңалықтар
0