https://sputnik.kz/20261025/qazaqstan-su-unemdeu-tekhnologiyalary-qoldanylatyn-alqaptardy-13-mln-gektarga-zhetkizbek-67963077.html
Қазақстан су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқаптарды 1,3 млн гектарға жеткізбек
Қазақстан су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқаптарды 1,3 млн гектарға жеткізбек
Sputnik Қазақстан
2025 жылдың қорытындысы бойынша заманауи суару жүйелерін пайдалану нәтижесінде шамамен 874 млн текше метр су үнемделген 25.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-25T18:36+0500
2026-10-25T18:36+0500
2026-10-25T18:36+0500
су
үнемдеу
егін
қазақстан
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/14/30473938_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_4e887ccd95d5e92f843cd7bb2da69c48.jpg
АСТАНА, 25 қазан – Sputnik. Қазақстан 2030 жылға қарай су үнемдеу технологиялары қолданылатын суармалы жерлердің көлемін 1,3 млн гектарға жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл жыл сайын 2,2 млрд текше метрге дейін су үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Назгүл Хатепова Қытайдың Шэньси провинциясында өткен 33-ші Янлин ауыл шаруашылығы көрмесі аясында мәлімдеді, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.Заманауи ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) дөңгелек үстелінде вице-министр климаттың өзгеруі мен су тапшылығы жағдайында су ресурстарын тиімді пайдалану және заманауи суару технологияларын енгізу Қазақстан үшін стратегиялық маңызға ие екенін атап өтті.Қазақстанда 874 млн текше метр су үнемделгенҚазіргі уақытта елде 1,6 млн гектар суармалы жер бар. Оның 702,3 мың гектарында суды үнемдеу технологиялары қолданылады. Бұл жалпы суармалы алқаптың шамамен 44%-ын құрайды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша заманауи суару жүйелерін пайдалану нәтижесінде шамамен 874 млн текше метр су үнемделген.Мемлекет шаруашылықтардың су үнемдеу технологияларына көшуін ынталандыру үшін қаржылай қолдауды күшейтіп келеді. Атап айтқанда, суды үнемдеу жүйелерін сатып алу және орнату шығындарын өтеу деңгейі 60%-дан 80%-ға дейін ұлғайтылды. Ал мұндай жүйелерді пайдаланатын шаруашылықтар үшін суару суының құнын субсидиялау үлесі 50%-дан 85%-ға дейін арттырылды.Сонымен қатар 2026–2028 жылдары суды үнемдеу технологияларына инвестициялық субсидия беруге 214,6 млрд теңге бөлу жоспарланған.ШЫҰ аясында өңірлік платформа құру ұсынылдыНазгүл Хатепова ШЫҰ елдері арасында суды үнемдеу технологиялары бойынша тәжірибе алмасуға арналған өңірлік платформа құру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Оның жұмысына мемлекеттік органдар, ғылыми-зерттеу институттары, аграрлық жоғары оқу орындары, жабдық өндірушілері мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қатыса алады. Мұндай платформа озық агротехнологияларды таратуға, бірлескен ғылыми зерттеулер мен далалық сынақтар жүргізуге, технологиялар алмасуға және аграрлық салаға қажетті мамандар даярлауға мүмкіндік береді.Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарына тамшылатып және жаңбырлатып суару жүйелерін енгізу, дәлме-дәл егіншілікті дамыту, топырақ ылғалдылығын цифрлық бақылау, суаруды автоматты басқару және топырақтың тұздануының алдын алу кіреді.Сапар барысында қазақстандық делегация 33-ші Янлин ауыл шаруашылығы көрмесінің павильондарын аралап, ауыл шаруашылығы техникасы, инновациялық технологиялар және аграрлық өндірістің тиімділігін арттыруға арналған заманауи шешімдермен танысты.
https://sputnik.kz/20260130/almaty-oblysynda-su-unemdeu-tekhnologiyalaryn-engizuge-276-mlrd-tenge-qarastyrylgan-60813809.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/14/30473938_0:0:1137:853_1920x0_80_0_0_339f79293d9c1aa0768812201bee715d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су, үнемдеу, егін, қазақстан
су, үнемдеу, егін, қазақстан
Қазақстан су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқаптарды 1,3 млн гектарға жеткізбек
2025 жылдың қорытындысы бойынша заманауи суару жүйелерін пайдалану нәтижесінде шамамен 874 млн текше метр су үнемделген
АСТАНА, 25 қазан – Sputnik. Қазақстан 2030 жылға қарай су үнемдеу технологиялары қолданылатын суармалы жерлердің көлемін 1,3 млн гектарға жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл жыл сайын 2,2 млрд текше метрге дейін су үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Назгүл Хатепова Қытайдың Шэньси провинциясында өткен 33-ші Янлин ауыл шаруашылығы көрмесі аясында мәлімдеді, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Заманауи ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) дөңгелек үстелінде вице-министр климаттың өзгеруі мен су тапшылығы жағдайында су ресурстарын тиімді пайдалану және заманауи суару технологияларын енгізу Қазақстан үшін стратегиялық маңызға ие екенін атап өтті.
"ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ғылыми, технологиялық және өндірістік әлеуетін біріктіру тиімді шешімдерді жедел енгізуге, ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және су ресурстарын ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді деп сенеміз. Ынтымақтастық нақты нәтижелерге бағытталып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің сұранысына жауап беруі қажет", — деді Назгүл Хатепова.
Қазақстанда 874 млн текше метр су үнемделген
Қазіргі уақытта елде 1,6 млн гектар суармалы жер бар. Оның 702,3 мың гектарында суды үнемдеу технологиялары қолданылады. Бұл жалпы суармалы алқаптың шамамен 44%-ын құрайды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша заманауи суару жүйелерін пайдалану нәтижесінде шамамен 874 млн текше метр су үнемделген.
Мемлекет шаруашылықтардың су үнемдеу технологияларына көшуін ынталандыру үшін қаржылай қолдауды күшейтіп келеді. Атап айтқанда, суды үнемдеу жүйелерін сатып алу және орнату шығындарын өтеу деңгейі 60%-дан 80%-ға дейін ұлғайтылды. Ал мұндай жүйелерді пайдаланатын шаруашылықтар үшін суару суының құнын субсидиялау үлесі 50%-дан 85%-ға дейін арттырылды.
Сонымен қатар 2026–2028 жылдары суды үнемдеу технологияларына инвестициялық субсидия беруге 214,6 млрд теңге бөлу жоспарланған.
ШЫҰ аясында өңірлік платформа құру ұсынылды
Назгүл Хатепова ШЫҰ елдері арасында суды үнемдеу технологиялары бойынша тәжірибе алмасуға арналған өңірлік платформа құру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Оның жұмысына мемлекеттік органдар, ғылыми-зерттеу институттары, аграрлық жоғары оқу орындары, жабдық өндірушілері мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қатыса алады. Мұндай платформа озық агротехнологияларды таратуға, бірлескен ғылыми зерттеулер мен далалық сынақтар жүргізуге, технологиялар алмасуға және аграрлық салаға қажетті мамандар даярлауға мүмкіндік береді.
Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарына тамшылатып және жаңбырлатып суару жүйелерін енгізу, дәлме-дәл егіншілікті дамыту, топырақ ылғалдылығын цифрлық бақылау, суаруды автоматты басқару және топырақтың тұздануының алдын алу кіреді.
"ШЫҰ елдерінің ауыл шаруашылығы саласында ғылыми білімді, озық технологияларды, инвестициялар мен тәжірибені біріктіруге мол мүмкіндік бар. Біздің ортақ міндетіміз — жаңа әзірлемелермен алмасып қана қоймай, оларды әр елдің табиғи-климаттық ерекшеліктері мен ауыл шаруашылығы өндірушілерінің қажеттіліктерін ескере отырып, іс жүзінде қолдану", — деп атап өтті вице-министр.
Сапар барысында қазақстандық делегация 33-ші Янлин ауыл шаруашылығы көрмесінің павильондарын аралап, ауыл шаруашылығы техникасы, инновациялық технологиялар және аграрлық өндірістің тиімділігін арттыруға арналған заманауи шешімдермен танысты.