Президент қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады

Қазақстан президенті - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.10.2026
Жазылу
Мемлекет басшысы биыл Қазақстан ұлт жылнамасының жаңа парағын ашып, тарихи өрлеу дәуіріне бетбұрыс жасағанын айтты
АСТАНА, 25 қазан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.
Президент бұл мыңжылдықтардан тамыр тартатын қазақ мемлекеттілігінің қайта жаңғыруын айшықтайтын қастерлі мереке екенін айтты.

"Біз егемендік жылдарында талай сын-қатерді еңсеріп, биік белестерді бағындырдық. Осылайша, еліміздің іргесін бекемдеп, елдігіміздің тұғырын нығайта түстік. Қазақстан Тәуелсіздіктің 35 жылдық межесіне экономикасы қуатты, қоғамы жасампаз, күллі әлем қауымдастығы құрметпен қарайтын, беделі зор әрі ықпалды орта держава, өркениетті мемлекет ретінде жетіп отыр", - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы биыл Қазақстан ұлт жылнамасының жаңа парағын ашып, тарихи өрлеу дәуіріне бетбұрыс жасағанын айтты.
"Алдымызда тұрған мақсат – баршаға айқын. Біз мықты мемлекеттік институттары мен сапалы адам капиталы бар, жаһандық бәсекеге қабілетті, озық, дамыған, жасампаз, зайырлы ел болуымыз керек. Осы орайда, Конституциямыздың заңды күшіне енуі халықаралық қоғамдастықтың назарын аударған, тарихи мән-мағынасы аса ерекше оқиға болды", - деді президент.
Осы орайда Тоқаев Конституция маңызына тоқталып, қазір Қазақстан озық технологиялар мен инновацияларды жүйелі дамытып, жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін ел игілігіне жарата бастағанын, заманауи өндіріс орындарын ашып, инфрақұрылымды жаңғыртып, мектептер, ауруханалар және басқа да әлеуметтік нысандар салып жатқанын мәлімдеді.
"Ең бастысы, біз алысқа көз тігетін ұлт ретінде жасампаз мақсаттар мен ұлы мұраттар жолында ұйысып, жарқын болашаққа зор сеніммен ұмтыламыз. Осылайша, егемендігіміздің тұғырын күшейтіп, Әділетті, Қауіпсіз, Озық әрі Таза Қазақстанды құрып жатырмыз. Еліміздің шаңырағы биік, ұлтымыздың рухы асқақ болсын! Көк байрағымыз әрдайым биікте желбіресін! Республика күні құтты болсын!", - деді мемлекет басшысы
Қазақстанның мемлекеттік рәмізі - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.10.2026
Қазақстанда Республика күні тойланып жатыр
Жаңалықтар
0