Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 25 қазан

© Sputnik / Владислав Воднев Күнтізбе - 25 қазан
 Күнтізбе - 25 қазан - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.10.2026
Жазылу
25 қазанда не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

25 қазанда қандай қызықты оқиғалар болды?

Бүгін Қазақтанда ұлттық мереке – Республика күні тойланып жатыр. 2022 жылдан бастап Республика күні қайтадан заңдастырылды. 25 қазан күні кездейсоқ таңдалған жоқ: 1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР-нің Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Онда тұңғыш рет дербес мемлекеттілік, елдің төл мәдениеті мен дәстүрін, тілін жандандыру және дамыту, ұлттың қадір-қасиетін нығайту негіздері айшықталды.
Сондай-ақ, бүгін Ресейде – Кеденшілер күні. Ресейде алғашқы кеден жарғысы 359 жыл бұрын пайда болғанын көбісі біле бермейді. Сол кезден бері 25 қазан ресейлік кеден тарихында айтулы дата болып қалды. Үш жарым ғасыр бұрын дәл осы күні патша Алексей Михайлович Мәскеу мен Ресейдің басқа қалаларында кеден алымын жинау туралы жарлық шығарды.
25 қазанда ресейлік спортшылар Гимнастика күнін атап өтеді. Бұл мереке 1999 жылы бекітілген.
Сонымен қатар, бүгін – Маркетолог күні. Бұл күн Ресей, Беларусь, Украина және ТМД-ның бірқатар еліндегі маркетологтар үшін маңызды саналады.
25 қазан күні Беларусь халқы Диірменшілер күнін атап өтеді. Мерекенің қазан айының соңында тойлануы кездейсоқ емес. Бұл уақытта егін толық жиналып, диірменшілер жаңа өнімнің негізгі бөлігін тартып үлгеретін және сәл де болса қолдары босайтын кезең басталған

25 қазанда әлемде болған тарихи оқиғалар

1824 жылы Мәскеуде ресми түрде Кіші театр ашылды;
1839 жылы АҚШ-та әлемдегі алғашқы теміржол кестесі жасалды;
1889 жылы Парижде Эйфель мұнарасының құрылысы аяқталды;
1990 жылы "Поле чудес" телеойыны алғаш рет эфирге шықты;
2001 жылы Microsoft Windows XP операциялық жүйесі шығарылды.

25 қазанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1990 жылы Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды;
1997 жылы Алматыда Кеңес Одағының Батырлары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметоваға ескерткіш ашылды;
2000 жылы Астанада Президенттік мәдениет орталығы ашылды;
2013 жылы Таразда Төле бидің 350 жылдығына орай ескерткіш қойылды.

25 қазанда әлемде туған танымал тұлғалар

1881 жылы испан суретшісі, мүсінші, керамист және дизайнер Пабло Пикассо дүниеге келді;
1926 жылы кеңестік және ресейлік опера әншісі (сопрано), әртіс, театр режиссері, педагог Галина Вишневская өмірге келді. КСРО халық әртісі (1966) дүниеге келді;
1979 жылы ресейлік шоумен, сықақшы, комедия актері, сценарийші және продюсер Михаил Галустян дүниеге келді;
1984 жылы америкалық әнші, сазгер, актриса Кетти Пэрри дүниеге келді.

25 қазанда Қазақстанда кімдер туды

1923 жылы Қазақстанның халық жазушысы, Ұлы Отан соғысының ардагері Тахауи Ахтанов дүниеге келді;
1925 жылы мерген, Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлова өмірге келді;
1925 жылы жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Нияз Сыздықов туды;
1931 жылы балалар ақыны, аудармашы Әнуарбек Дүйсенбиев дүниеге келді;
1957 жылы бұрынғы қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов өмірге келді;
1959 жылы боксшы, КСРО еңбек сіңірген спорт шебері Серік Қонақбаев туды.
Жаңалықтар
0