https://sputnik.kz/20261024/bugin-alemde-zhane-qazaqstanda-qanday-mereke-bolady-24-qazan-67902450.html
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 24 қазан
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 24 қазан
Sputnik Қазақстан
24 қазанда не болғанын білесіз бе? 24.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-24T00:01+0500
2026-10-24T00:01+0500
2026-10-24T00:01+0500
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе
қызықты деректер
https://sputnik.kz/img/1179/91/11799174_58:0:2943:1623_1920x0_80_0_0_e0c3dd375f5d7296e2b4ddc1170dc0ce.jpg
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.24 қазанда әлемде қандай қызықты оқиғалар болдыБүгін – Біріккен Ұлттар ұйымы күні. БҰҰ биыл 81 жылдығын атап өтіп жатыр. Бүгінде ұйым құрамында 193 мемлекет бар. БҰҰ – бітімгер ұйым, осы ұйымның жұмысының арқасында елдер арасындағы дау-жанжал, текетірестің алдын алу мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, ол қиын жағдайда қалған мемлекеттерге қол ұшын созады. БҰҰ эмблемасы – бидай масақтарымен қоршалған жер шары.Сондай-ақ, бүгін Ұлттық жүйкеге тию күні аталып өтеді. "Жүйкеге тию" тіркесін ежелгі заманның дәрігерлері ойлап тапқан екен. Өйткені ақхалаттылар жүйкені музыкалық аспаптардың ішегіне ұқсатқан.Тағы бір қызықты мерекенің бірі – Мейірімді әрі жомарт бастықтар күні. Бұл күні жұмыстан ерте кетуге бола ма, болмай ма, басшылық сыйақы бере ме, бермей ме, – ол жағын біз білмейміз. Десе де бастығыңызды төл мерекесімен құттықтаған абзал, бәлкім, жолыңыз болып қалар.Бүгін, сондай-ақ, Бүкіләлемдік дәретхана күні. Бұл мерекенің қалай тойланатыны бізге беймәлім. Тек осы маңызды дата туралы біліп жүрсеңіздер жеткілікті. Неге маңызды деген сұрақ туындап отыр ма? Себебі адам өз өмірінің үш жылын дәретханада өткізеді. Айтпақшы, осы орайда айта кететін бір қызықты факті – әлемдегі ең керемет унитаз таза алтыннан жасалған. Оны Гонконг зергерлерінің федерациясы елге турист тарту мақсатында жасапты.24 қазанда әлемде болған тарихи оқиғалар1648 жылы Отыз жылдық соғысты аяқтаған Вестфаль бітіміне қол қойылды;1851 жылы астроном Уильям Ласселл Уран планетасының Ариэль және Умбриэль серіктерін ашты;1857 жылы Англияда әлемдегі алғашқы футбол командасының негізі қаланды;1901 жылы Энни Эдсон Тейлор Ниагара сарқырамасынан бөшкемен құлап, аман қалған алғашқы белгілі адам атанды;1917 жылы Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Капоретто шайқасы басталды; 1931 жылы Нью-Йорк пен Нью-Джерсиді жалғайтын Джордж Вашингтон көпірі ашылды;1939 жылы АҚШ-та әлемде алғаш рет нейлон шұлықтар сатыла бастады;1945 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы күшіне еніп, БҰҰ ресми түрде құрылды;1964 жылы Замбия Ұлыбританиядан тәуелсіздік алды; 2003 жылы "Конкорд" дыбыстан жылдам ұшатын жолаушылар ұшағы соңғы коммерциялық рейсін орындады;2007 жылы Қытай Айды зерттеуге арналған алғашқы "Чанъэ-1" ғарыш аппаратын ұшырды.24 қазанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар1931 жылы Риддер қаласында қазақ тіліндегі "Жұмысшы" газетінің алғашқы нөмірі жарық көрді;1963 жылы Байқоңырда "Р-9А" құрлықаралық баллистикалық зымыранын сынақтан өткізу кезінде, жанармай құйылған зымыранның шахталық-іске қосу құрылғысында өрт шығып, 8 адам көз жұмды;1996 жылы Алматыда жазушы Балғабек Қыдырбекұлы тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды;2000 жылы Павлодарда ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровқа ескерткіш ашылды.2005 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында пәтер үлгісіндегі жаңа студенттер үйі ашылды.24 қазанда әлемде туған танымал тұлғалар1862 жылы австриялық Swarovski хрусталь империясының негізін қалаушы Даниэль Сваровски дүниеге келді;1911 жылы кеңестік театр, кино, эстрада әртісі, конферансье, театр режиссері, сықақшы Аркадий Райкин өмірге келді. КСРО Халық әртісі (1968). Социалистік Еңбек ері (1981). Ленин жүлдесінің лауреаты (1980);1939 жылы америкалық актер Ф. Мюррей Абрахам дүниеге келді. "Амадей" фильміндегі рөлі үшін "Оскар" сыйлығын алды;1966 жылы ресейлік кәсіпкер, миллиардер, Чукотканың экс-губернаторы Роман Абрамович туды;1985 жылы ағылшын футболшысы Уэйн Рунни дүниеге келді.1986 жылы канадалық рэпер, әнші және актер Дрейк дүниеге келді.24 қазанда Қазақстанда кімдер туды1910 жылы ғалым, биология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Темірбай Дарқанбаев өмірге келді;1948 жылы ақын, Махамбет атындағы сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қойшығұл Жылқышиев дүниеге келді; 1964 жылы бұрынғы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев дүниеге келді.1968 жылы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ержан Сәденов дүниеге келді; 1986 жылы энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов дүниеге келді.
https://sputnik.kz/20261023/bugin-alemde-zhane-qazaqstanda-qanday-mereke-23-qazan-67873462.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1179/91/11799174_419:0:2583:1623_1920x0_80_0_0_0b0de472a4d90e0865450e5a92544f00.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе, қызықты деректер
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе, қызықты деректер
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 24 қазан
24 қазанда не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын
Sputnik дерекқорынан оқыңыз.
24 қазанда әлемде қандай қызықты оқиғалар болды
Бүгін – Біріккен Ұлттар ұйымы күні. БҰҰ биыл 81 жылдығын атап өтіп жатыр. Бүгінде ұйым құрамында 193 мемлекет бар. БҰҰ – бітімгер ұйым, осы ұйымның жұмысының арқасында елдер арасындағы дау-жанжал, текетірестің алдын алу мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, ол қиын жағдайда қалған мемлекеттерге қол ұшын созады. БҰҰ эмблемасы – бидай масақтарымен қоршалған жер шары.
Сондай-ақ, бүгін Ұлттық жүйкеге тию күні аталып өтеді. "Жүйкеге тию" тіркесін ежелгі заманның дәрігерлері ойлап тапқан екен. Өйткені ақхалаттылар жүйкені музыкалық аспаптардың ішегіне ұқсатқан.
Тағы бір қызықты мерекенің бірі – Мейірімді әрі жомарт бастықтар күні. Бұл күні жұмыстан ерте кетуге бола ма, болмай ма, басшылық сыйақы бере ме, бермей ме, – ол жағын біз білмейміз. Десе де бастығыңызды төл мерекесімен құттықтаған абзал, бәлкім, жолыңыз болып қалар.
Бүгін, сондай-ақ, Бүкіләлемдік дәретхана күні. Бұл мерекенің қалай тойланатыны бізге беймәлім. Тек осы маңызды дата туралы біліп жүрсеңіздер жеткілікті. Неге маңызды деген сұрақ туындап отыр ма? Себебі адам өз өмірінің үш жылын дәретханада өткізеді. Айтпақшы, осы орайда айта кететін бір қызықты факті – әлемдегі ең керемет унитаз таза алтыннан жасалған. Оны Гонконг зергерлерінің федерациясы елге турист тарту мақсатында жасапты.
24 қазанда әлемде болған тарихи оқиғалар
1648 жылы Отыз жылдық соғысты аяқтаған Вестфаль бітіміне қол қойылды;
1851 жылы астроном Уильям Ласселл Уран планетасының Ариэль және Умбриэль серіктерін ашты;
1857 жылы Англияда әлемдегі алғашқы футбол командасының негізі қаланды;
1901 жылы Энни Эдсон Тейлор Ниагара сарқырамасынан бөшкемен құлап, аман қалған алғашқы белгілі адам атанды;
1917 жылы Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Капоретто шайқасы басталды;
1931 жылы Нью-Йорк пен Нью-Джерсиді жалғайтын Джордж Вашингтон көпірі ашылды;
1939 жылы АҚШ-та әлемде алғаш рет нейлон шұлықтар сатыла бастады;
1945 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы күшіне еніп, БҰҰ ресми түрде құрылды;
1964 жылы Замбия Ұлыбританиядан тәуелсіздік алды;
2003 жылы "Конкорд" дыбыстан жылдам ұшатын жолаушылар ұшағы соңғы коммерциялық рейсін орындады;
2007 жылы Қытай Айды зерттеуге арналған алғашқы "Чанъэ-1" ғарыш аппаратын ұшырды.
24 қазанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1931 жылы Риддер қаласында қазақ тіліндегі "Жұмысшы" газетінің алғашқы нөмірі жарық көрді;
1963 жылы Байқоңырда "Р-9А" құрлықаралық баллистикалық зымыранын сынақтан өткізу кезінде, жанармай құйылған зымыранның шахталық-іске қосу құрылғысында өрт шығып, 8 адам көз жұмды;
1996 жылы Алматыда жазушы Балғабек Қыдырбекұлы тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды;
2000 жылы Павлодарда ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровқа ескерткіш ашылды.
2005 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында пәтер үлгісіндегі жаңа студенттер үйі ашылды.
24 қазанда әлемде туған танымал тұлғалар
1862 жылы австриялық Swarovski хрусталь империясының негізін қалаушы Даниэль Сваровски дүниеге келді;
1911 жылы кеңестік театр, кино, эстрада әртісі, конферансье, театр режиссері, сықақшы Аркадий Райкин өмірге келді. КСРО Халық әртісі (1968). Социалистік Еңбек ері (1981). Ленин жүлдесінің лауреаты (1980);
1939 жылы америкалық актер Ф. Мюррей Абрахам дүниеге келді. "Амадей" фильміндегі рөлі үшін "Оскар" сыйлығын алды;
1966 жылы ресейлік кәсіпкер, миллиардер, Чукотканың экс-губернаторы Роман Абрамович туды;
1985 жылы ағылшын футболшысы Уэйн Рунни дүниеге келді.
1986 жылы канадалық рэпер, әнші және актер Дрейк дүниеге келді.
24 қазанда Қазақстанда кімдер туды
1910 жылы ғалым, биология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Темірбай Дарқанбаев өмірге келді;
1948 жылы ақын, Махамбет атындағы сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қойшығұл Жылқышиев дүниеге келді;
1964 жылы бұрынғы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев дүниеге келді.
1968 жылы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ержан Сәденов дүниеге келді;
1986 жылы энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов дүниеге келді.