Оқиға

Ақмола облысында көлік жол жұмысшыларын қағып кетті: бір адам көз жұмды

© PhotoРеспубликанская трасса
Республиканская трасса - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.10.2026
Жазылу
Тағы екеуі ауруханаға жеткізілді
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Ақмола облысында көлік үш жол қызметкерін қағып кетті. Салдарынан біреуі көз жұмып, тағы екеуі ауруханаға жеткізілді.
Оқиға 23 қазанда Астана – Атбасар – Жақсы тасжолында болған.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты тасжолдың 163-шақырымында тіркелген. Chery Arrizo 8 автокөлігінің жүргізушісі жолдың жүріс бөлігінде жүрген үш жұмысшыны қағып кеткен.
Полицияның хабарлауынша, жұмысшылардың үстінде жарық шағылыстыратын арнайы кеудешелер болмаған. Салдарынан олардың бірі оқиға орнында көз жұмды, ал қалған екеуі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Жол апаты белгісі - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.09.2026
Маңғыстауда жол жөндеп жүрген екі жұмысшы қайғылы жағдайда көз жұмды
Жаңалықтар
0