https://sputnik.kz/20261023/zhana-erezheden-keyin-zeynetaqy-zhinagyn-zheke-kompaniyalarga-audargandar-kobeydi-67905103.html
Жаңа ережеден кейін зейнетақы жинағын жеке компанияларға аударғандар көбейді
Жаңа ережеден кейін зейнетақы жинағын жеке компанияларға аударғандар көбейді
Sputnik Қазақстан
7 қыркүйектен бастап қазақстандықтарға зейнетақы жинағының 100%-ын жеке басқарушы компанияларға аударуға мүмкіндік берілді 23.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-23T16:13+0500
2026-10-23T16:13+0500
2026-10-23T16:13+0500
зейнетақы жинағы
зейнетақы
зейнетақы қоры
зейнеткер
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948646_100:93:2932:1686_1920x0_80_0_0_8eef928026b038f1186e2cd9ef681b2a.jpg
АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. Қазақстанда зейнетақы жинағын толығымен жеке басқарушы компанияларға сеніп тапсыратын салымшылардың саны бір ай ішінде екі есе өсті. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова мәлімдеді.Биыл 7 қыркүйектен бастап қазақстандықтарға зейнетақы жинағының 100%-ын жеке басқарушы компанияларға аударуға мүмкіндік берілді. Бұл жағдайда жинақты мерзімінен бұрын пайдалану үшін белгіленген жеткіліктілік шегі ескерілмейді.Ұлттық банктің мәліметінше, бұған дейін жеке басқарушы компанияларға берілген зейнетақы активтерінің көлемі ұзақ уақыт бойы 70-80 млрд теңге деңгейінде болған. Қазір бұл көрсеткіш 200 млрд теңгеге жетті.Зейнетақы жинағы қалай басқарылады?Жеке басқарушы компаниялар сенімгерлік басқаруға берілген зейнетақы активтерін Қазақстанның және шетелдің қаржы нарықтарына инвестициялай алады. Атап айтқанда, қаражатты бағалы қағаздарға және басқа да рұқсат етілген қаржы құралдарына орналастыруға болады.Инвестициядан түсетін кіріс бағалы қағаздар бойынша сыйақылардан, қаржы құралдарының нарықтық және валюталық бағамының өзгеруінен, сондай-ақ сыртқы басқарудағы активтерден түсуі мүмкін.Дегенмен инвестициялық кіріске кепілдік берілмейді: нарықтағы жағдайға байланысты активтердің құны өсіп те, төмендеп те отыруы ықтимал. Сондықтан жинақты басқарушы компанияны таңдағанда оның инвестициялық стратегиясын, тәуекел деңгейін және бұрынғы нәтижелерін ескерген жөн.
https://sputnik.kz/20261013/qazaqstandyqtar-zhyl-basynan-beri-zeynetaqy-qorynan-490-mlrd-tenge-algan-67552986.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948646_468:69:2624:1686_1920x0_80_0_0_b6f3603d3d840723d105e5ad7b7d50ca.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зейнетақы жинағы, зейнетақы, зейнетақы қоры, зейнеткер
зейнетақы жинағы, зейнетақы, зейнетақы қоры, зейнеткер
Жаңа ережеден кейін зейнетақы жинағын жеке компанияларға аударғандар көбейді
7 қыркүйектен бастап қазақстандықтарға зейнетақы жинағының 100%-ын жеке басқарушы компанияларға аударуға мүмкіндік берілді
АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. Қазақстанда зейнетақы жинағын толығымен жеке басқарушы компанияларға сеніп тапсыратын салымшылардың саны бір ай ішінде екі есе өсті. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова мәлімдеді.
Биыл 7 қыркүйектен бастап қазақстандықтарға зейнетақы жинағының 100%-ын жеке басқарушы компанияларға аударуға мүмкіндік берілді. Бұл жағдайда жинақты мерзімінен бұрын пайдалану үшін белгіленген жеткіліктілік шегі ескерілмейді.
Ұлттық банктің мәліметінше, бұған дейін жеке басқарушы компанияларға берілген зейнетақы активтерінің көлемі ұзақ уақыт бойы 70-80 млрд теңге деңгейінде болған. Қазір бұл көрсеткіш 200 млрд теңгеге жетті.
"7 қыркүйектен бастап жинақтарды толық аударуға рұқсат берілгеннен кейін шамамен 100 млрд теңге аударылды", - деді Әлия Молдабекова Астанада өткен брифингте.
Зейнетақы жинағы қалай басқарылады?
Жеке басқарушы компаниялар сенімгерлік басқаруға берілген зейнетақы активтерін Қазақстанның және шетелдің қаржы нарықтарына инвестициялай алады. Атап айтқанда, қаражатты бағалы қағаздарға және басқа да рұқсат етілген қаржы құралдарына орналастыруға болады.
Инвестициядан түсетін кіріс бағалы қағаздар бойынша сыйақылардан, қаржы құралдарының нарықтық және валюталық бағамының өзгеруінен, сондай-ақ сыртқы басқарудағы активтерден түсуі мүмкін.
Дегенмен инвестициялық кіріске кепілдік берілмейді: нарықтағы жағдайға байланысты активтердің құны өсіп те, төмендеп те отыруы ықтимал. Сондықтан жинақты басқарушы компанияны таңдағанда оның инвестициялық стратегиясын, тәуекел деңгейін және бұрынғы нәтижелерін ескерген жөн.