https://sputnik.kz/20261023/qazanda-qazaqstan-kinosy-kunderi-otti-67921117.html
Қазанда Қазақстан киносы күндері өтті
Қазанда Қазақстан киносы күндері өтті
Sputnik Қазақстан
Көрермендерге "Қазақфильм" мен Қазақстанның Бас консулдығы үш көркем фильм ұсынды 23.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-23T20:19+0500
2026-10-23T20:19+0500
2026-10-23T20:19+0500
қазан
кино
кинофестиваль
кинотуынды
https://sputnik.kz/img/07ea/0a/17/67918595_0:0:1080:608_1920x0_80_0_0_d74fdbb3c6dfd4054572d9a6882a95bd.jpg
АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. 21-23 қазан аралығында Қазан қаласында Қазақстан киносы күндері өтті. Бұл туралы Мәдениет министрлігі хабарлады.Іс-шара отандық кино өнерін насихаттауға және Қазақстан мен Татарстан арасындағы мәдени байланысты нығайтуға бағытталған.Қазақстан киносы күндерін Қазақстанның Қазандағы Бас консулдығы "Қазақфильм" киностудиясының қолдауымен ұйымдастырды. Ашылу салтанатына Қазақстанның Қазандағы бас консулы Ерлан Ысқақов пен Татарстанның мәдениет министрінің бірінші орынбасары Юлия Әдғамова қатысты. Сондай-ақ іс-шараға киноиндустрия өкілдері, мәдениет саласының мамандары, БАҚ өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.Бағдарламаға "Алматы, мен сені сүйемін!", "Паралимпиадашы" және "Бүркітші" атты үш көркем фильм енді.Алғашқы екі фильм 21 қазанда көрсетілсе, 23 қазанда режиссер Қуаныш Стахановтың "Бүркітші" фильмі көрерменге ұсынылды. Көрсетілімдер аясында "Паралимпиадашы" фильмінің актері Жалғас Жанғазинмен және режиссер Қуаныш Стахановпен шығармашылық кездесулер өтті. Олар фильмдердің түсірілу тарихы мен түсірілім барысының ерекшеліктері туралы айтып, көрермендердің сұрақтарына жауап берді.Қазақстанның Қазандағы Бас консулдығының мәліметінше, соңғы жылдары мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық айтарлықтай дамыған."Қазақстан мен Татарстан бірқатар маңызды жобаны жүзеге асырды. Олардың қатарында екі республикада қазақтың ұлы ақыны Абайдың ескерткіші мен қазақ тілі және мәдениеті орталығын, татар ақыны Ғабдулла Тоқайдың бюстін ашу, М. Әуезов шығармаларының жинағы мен "Қазіргі қазақ поэзиясының антологиясын" татар тілінде шығару, "Тарлан" бірлескен қазақ-татар фильмін түсіру, сондай-ақ астаналарда мәдениет күндерін өткізу бар", – деп хабарлады Бас консулдық.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/0a/17/67918595_62:0:1022:720_1920x0_80_0_0_993ad8c8e654b2de50b6dc022d064630.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазан, кино, кинофестиваль, кинотуынды
қазан, кино, кинофестиваль, кинотуынды
Қазанда Қазақстан киносы күндері өтті
Көрермендерге "Қазақфильм" мен Қазақстанның Бас консулдығы үш көркем фильм ұсынды
АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. 21-23 қазан аралығында Қазан қаласында Қазақстан киносы күндері өтті. Бұл туралы Мәдениет министрлігі хабарлады.
Іс-шара отандық кино өнерін насихаттауға және Қазақстан мен Татарстан арасындағы мәдени байланысты нығайтуға бағытталған.
Қазақстан киносы күндерін Қазақстанның Қазандағы Бас консулдығы "Қазақфильм" киностудиясының қолдауымен ұйымдастырды. Ашылу салтанатына Қазақстанның Қазандағы бас консулы Ерлан Ысқақов пен Татарстанның мәдениет министрінің бірінші орынбасары Юлия Әдғамова қатысты. Сондай-ақ іс-шараға киноиндустрия өкілдері, мәдениет саласының мамандары, БАҚ өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.
Бағдарламаға "Алматы, мен сені сүйемін!", "Паралимпиадашы" және "Бүркітші" атты үш көркем фильм енді.
Қазанда Қазақстан киносы күндері өтті
Қазанда Қазақстан киносы күндері өтті
Қазанда Қазақстан киносы күндері өтті
Қазанда Қазақстан киносы күндері өтті
Қазанда Қазақстан киносы күндері өтті
Қазанда Қазақстан киносы күндері өтті
Қазанда Қазақстан киносы күндері өтті
Қазанда Қазақстан киносы күндері өтті
Қазанда Қазақстан киносы күндері өтті
Қазанда Қазақстан киносы күндері өтті
Алғашқы екі фильм 21 қазанда көрсетілсе, 23 қазанда режиссер Қуаныш Стахановтың "Бүркітші" фильмі көрерменге ұсынылды. Көрсетілімдер аясында "Паралимпиадашы" фильмінің актері Жалғас Жанғазинмен және режиссер Қуаныш Стахановпен шығармашылық кездесулер өтті. Олар фильмдердің түсірілу тарихы мен түсірілім барысының ерекшеліктері туралы айтып, көрермендердің сұрақтарына жауап берді.
Қазақстанның Қазандағы Бас консулдығының мәліметінше, соңғы жылдары мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық айтарлықтай дамыған.
"Қазақстан мен Татарстан бірқатар маңызды жобаны жүзеге асырды. Олардың қатарында екі республикада қазақтың ұлы ақыны Абайдың ескерткіші мен қазақ тілі және мәдениеті орталығын, татар ақыны Ғабдулла Тоқайдың бюстін ашу, М. Әуезов шығармаларының жинағы мен "Қазіргі қазақ поэзиясының антологиясын" татар тілінде шығару, "Тарлан" бірлескен қазақ-татар фильмін түсіру, сондай-ақ астаналарда мәдениет күндерін өткізу бар", – деп хабарлады Бас консулдық.