Қар, көктайғақ, тұман: алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

© Sputnik / Санат ИмангалиевОсень в Астане
Осень в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.10.2026
Жазылу
Қазақстанның шығысында қар жауып, боран соғады, солтүстік пен орталықта тұман түсіп, көктайғақ болады. Ал батыс пен оңтүстікте күн жылы болады
АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. "Қазгидромет" 24-26 қазанға жасалған ауа райы болжамын жариялады.
24 қазанда еліміздің шығысында, 24, 26 қазанда Қарағанды облысында қар аралас жауын-шашын болады.
Маңғыстау облысында аздаған жаңбыр жауады, күндіз найзағай ойнап, шаңды дауыл соғады. Шығыста қалың қар жауып, бұрқасын соғады. Батыста, солтүстік-батыста, Ұлытауда ауа райы жауын-шашынсыз. Солтүстік және орталықта тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік пен оңтүстік шығыста түнде 1-8 градус аяз болады.
Батыс өңірлерде күндіз ауа температурасы +11…+18 °С болады.
Солтүстікте түнгі ауа температурасы –4…–10 °С-тан 0…+5 °С-қа дейін көтеріледі. Күндіз температура +2…+7 °С-тан +6…+11 °С-қа дейін аздап өзгереді.
Орталық өңірлерде түнде –2…–10 °С аяз болады. Күндіз ауа температурасы біртіндеп 0…+5 °С-тан +5…+12 °С-қа дейін көтеріледі.
Шығыста түнде –5…–10 °С, облыстың таулы аудандарында –13…–18 °С аяз күтіледі. Күндіз ауа температурасы –5…+5 °С аралығында болады.
Оңтүстік өңірлерде күндіз ауа температурасы +8…+15 °С болады.
Оңтүстік-шығыста күндіз ауа температурасы +2…+7 °С-тан +6…+12 °С-қа дейін біртіндеп көтеріледі. Таулы аудандарда –1…–6 °С аяз болжанады.
Астана
24 қазан ауа райы жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы 5-7°С, күндіз +2+4°С.
25 қазан күн ашық. Ауа температурасы түнде -3-5°С, күндіз + 6 + 8°С.
26 қазан көшпелі бұлт шығып, күндіз аздап жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде -1-3°С, күндіз +6 + 8°С болады.
Алматы
24 қазанда күн ашық. Түнде ауа температурасы -2-4 °С, күндіз + 4 + 6 °С көрсетеді.
25 қазан күн ашық. Ауа температурасы -5-7 °С, күндіз + 5 + 7°С.
26 қазан күн райы ашық. Түнде ауа температурасы -3-5°С, күндіз + 8 + 10°С.
Шымкент
24 қазан жауын-шашын болмайды, күн ашық. Ауа температурасы түнде +2 + 4°С, күндіз +13+15°С жылы болады.
25-26 қазанда күн ашық. Ауа температурасы түнде +3 + 5°С, күндіз +14+16°С.
Заморозок - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.10.2026
Үсік, бұрқасын, көктайғақ: қазанда ауа райы қандай болады
Жаңалықтар
0