https://sputnik.kz/20261023/ortasha-zhalaqy-486-myn-tengeden-asty-67922984.html
Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты
Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты
Sputnik Қазақстан
Ерлердің орташа сағаттық жалақысы 2 859 теңге болса, әйелдерде бұл көрсеткіш 2 180 теңгеге тең 23.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-23T21:00+0500
2026-10-23T21:00+0500
2026-10-23T21:00+0500
орташа жалақы
қазақстан
https://sputnik.kz/img/1249/26/12492673_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_7034aaf2d5ef54e6e88a16d4b0c6b886.jpg
АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. Қазақстанда 2026 жылдың екінші тоқсанында орташа айлық жалақы 486 388 теңге болды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.Ал медианалық жалақы 348 415 теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш қазақстандықтардың жартысы аталған сомадан аз, ал қалған жартысы одан көп жалақы алатынын білдіреді.2026 жылғы деректер бойынша, ең жиі кездесетін жалақы мөлшері, яғни модальды жалақы 187 006 теңгені құрады.Ұлттық статистика бюросы ерлер мен әйелдердің бір сағаттық еңбекақысы арасында да айырмашылық бар екенін хабарлады. Ерлердің орташа сағаттық жалақысы 2 859 теңге болса, әйелдерде бұл көрсеткіш 2 180 теңгеге тең. 2025 жылмен салыстырғанда ерлердің сағаттық жалақысы 8,4%-ға, әйелдердікі 6,5%-ға өскен.Жас ерекшелігіне қарай жалақы мөлшеріСтатистикаға сәйкес, ең төменгі жалақыны 16-24 жас аралығындағы қызметкерлер алады. Олардың орташа айлық табысы – 310 256 теңге.Ал ең жоғары жалақыны 35-44 жас аралығындағы қызметкерлер алады. Бұл топтағы орташа айлық жалақы 489 629 теңгеге жетті. 45-54 жас аралығындағы қызметкерлердің орташа жалақысы 467 544 теңгені құрады.Жалақының ең жоғары өсімі 16-24 жас аралығындағы қызметкерлер арасында байқалды – 10,9%. Ал 65 жастан асқан қызметкерлердің жалақысы бар болғаны 1,3%-ға өскен.
https://sputnik.kz/20261023/qazaqstanda-en-tomengi-zhalaqy-33-zhylda-qalay-ozgerdi-67915819.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1249/26/12492673_251:0:1751:1125_1920x0_80_0_0_99ee8253d7120e6f9b5825eb68adbd55.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
орташа жалақы, қазақстан
Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты
Ерлердің орташа сағаттық жалақысы 2 859 теңге болса, әйелдерде бұл көрсеткіш 2 180 теңгеге тең
АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. Қазақстанда 2026 жылдың екінші тоқсанында орташа айлық жалақы 486 388 теңге болды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.
Ал медианалық жалақы 348 415 теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш қазақстандықтардың жартысы аталған сомадан аз, ал қалған жартысы одан көп жалақы алатынын білдіреді.
2026 жылғы деректер бойынша, ең жиі кездесетін жалақы мөлшері, яғни модальды жалақы 187 006 теңгені құрады.
Ұлттық статистика бюросы ерлер мен әйелдердің бір сағаттық еңбекақысы арасында да айырмашылық бар екенін хабарлады. Ерлердің орташа сағаттық жалақысы 2 859 теңге болса, әйелдерде бұл көрсеткіш 2 180 теңгеге тең. 2025 жылмен салыстырғанда ерлердің сағаттық жалақысы 8,4%-ға, әйелдердікі 6,5%-ға өскен.
Жас ерекшелігіне қарай жалақы мөлшері
Статистикаға сәйкес, ең төменгі жалақыны 16-24 жас аралығындағы қызметкерлер алады. Олардың орташа айлық табысы – 310 256 теңге.
Ал ең жоғары жалақыны 35-44 жас аралығындағы қызметкерлер алады. Бұл топтағы орташа айлық жалақы 489 629 теңгеге жетті. 45-54 жас аралығындағы қызметкерлердің орташа жалақысы 467 544 теңгені құрады.
Жалақының ең жоғары өсімі 16-24 жас аралығындағы қызметкерлер арасында байқалды – 10,9%. Ал 65 жастан асқан қызметкерлердің жалақысы бар болғаны 1,3%-ға өскен.