https://sputnik.kz/20261023/koronavirusqa-qatysty-epidemiologiyalyq-zhagday-turaqty-67908168.html
Коронавирусқа қатысты эпидемиологиялық жағдай тұрақты
Коронавирусқа қатысты эпидемиологиялық жағдай тұрақты
Sputnik Қазақстан
Қазақстанда жыл басынан бері 247 адам коронавирус жұқтырған 23.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-23T16:46+0500
2026-10-23T16:46+0500
2026-10-23T16:46+0500
коронавирус
қазақстан
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/1f/30792601_0:0:1625:915_1920x0_80_0_0_dac0dec65fc73fe24980fbfdf0da6e01.jpg
АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. Қазақстанда коронавирусқа қатысты эпидемиологиялық жағдай тұрақты, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.2026 жылдың басынан бері елде COVID-19 инфекциясын 247 адам жұқтырған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,8 есе аз. 2025 жылдың осы кезеңінде 942 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталған.Мамандардың мәліметінше, індеттің бұл түрі Қазақстанда біраз уақыттан бері тіркеліп келеді және жаңа вирус болып саналмайды. Қазіргі деректерге сәйкес, елде айналымда жүрген коронавирус нұсқалары халық денсаулығына қосымша қауіп төндіріп отырған жоқ.Коронавирустан қалай қорғануға болады?Мамандар респираторлық инфекциялардың, соның ішінде COVID-19-дың таралу қаупін азайту үшін мынадай шараларды ұсынады:
https://sputnik.kz/20240526/koronavirus-bukil-alemde-omir-suru-uzaqtygyn-qysqartty-44563191.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/1f/30792601_0:0:1445:1084_1920x0_80_0_0_24ee6843aeed4a232d7218f0b000c413.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
коронавирус, қазақстан
Коронавирусқа қатысты эпидемиологиялық жағдай тұрақты
Қазақстанда жыл басынан бері 247 адам коронавирус жұқтырған
АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. Қазақстанда коронавирусқа қатысты эпидемиологиялық жағдай тұрақты, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.
2026 жылдың басынан бері елде COVID-19 инфекциясын 247 адам жұқтырған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,8 есе аз. 2025 жылдың осы кезеңінде 942 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталған.
"Зертханалық мониторинг нәтижесіне сәйкес, Қазақстанда коронавирустың "Омикрон" штамына жататын, "Стратус" деген атпен белгілі XFG желісі әлі де айналымда жүр", - деп жазылған хабарламада.
Мамандардың мәліметінше, індеттің бұл түрі Қазақстанда біраз уақыттан бері тіркеліп келеді және жаңа вирус болып саналмайды. Қазіргі деректерге сәйкес, елде айналымда жүрген коронавирус нұсқалары халық денсаулығына қосымша қауіп төндіріп отырған жоқ.
Коронавирустан қалай қорғануға болады?
Мамандар респираторлық инфекциялардың, соның ішінде COVID-19-дың таралу қаупін азайту үшін мынадай шараларды ұсынады:
қолды сабынмен мұқият әрі жиі жуу немесе антисептик қолдану;
бөлмелерді жүйелі түрде желдету;
аурушаңдық артқан кезде адам көп жиналатын орындарға баруды шектеу;
адам көп жерде, әсіресе респираторлық инфекция белгілері байқалғанда, медициналық маска тағу;
ауру белгілері пайда болса, айналадағы адамдармен, әсіресе қарттармен және созылмалы аурулары бар адамдармен байланысты шектеу;
медициналық көмекке уақытылы жүгініп, дәрігердің ұсынымдарын орындау.