ЕАЭО жеңіл өнеркәсіп тауарларына импорттық бажды арттырады

© Sputnik / Сергей Пятаков / Медиабанкке өтуЕАЭО жеңіл өнеркәсіп тауарларына импорттық бажды арттырады
ЕАЭО жеңіл өнеркәсіп тауарларына импорттық бажды арттырады - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.10.2026
Жазылу
ЕЭК кеңесінің шешімі ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді және 2027 жылдың қыркүйек айының соңына дейін қолданыста болады
АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі импорт көлемі ұлғайып, сонымен бірге импорттық бағалары айтарлықтай төмендеген тауарларға қатысты импорттық кедендік баж мөлшерлемелерін арттыру туралы шешім қабылдады.

Комиссияның хабарлауынша, мөлшерлемелердің Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) аясындағы міндеттемелермен белгіленген деңгейге дейін көтерілуі, басқалармен қатар, жеңіл өнеркәсіп өнімдеріне, электрониканың кейбір түрлеріне және жабу арматурасына (құбыр өткізгіш арматурасына) қатысты болмақ.
"Бұл шара Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердегі қолданыстағы өндірістік қуаттарды қорғауға, жұмыс орындарын сақтап қалуға, сондай-ақ өнеркәсіптік кооперация мен импортты алмастыруды дамытуға бағытталған", – деп атап өтті Еуразиялық экономикалық комиссияның сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев.
ЕЭК Кеңесінің шешімі ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді және 2027 жылдың қыркүйек айының соңына дейін қолданыста болады.
Евразийский экономический форум проходит в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2026
ЕЭК алқасы металлургияға арналған кейбір шикізат түрлеріне импорттық бажды алып тастады
Жаңалықтар
0