https://sputnik.kz/20261023/atyrau-munay-ondeu-zauyty-manyndagy-uylerdin-turgyndary-koshiriledi-67920181.html
Атырау мұнай өңдеу зауыты маңындағы үйлердің тұрғындары көшіріледі
Атырау мұнай өңдеу зауыты маңындағы үйлердің тұрғындары көшіріледі
Sputnik Қазақстан
Қараша айында зауыт маңындағы үйлер мен жер учаскелерінің иелерімен кездесулер өтеді 23.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-23T19:48+0500
2026-10-23T19:48+0500
2026-10-23T19:48+0500
атырау
мұнай
мұнай өңдеу зауыты
https://sputnik.kz/img/07e9/06/0b/54532790_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_a2217812b20086910511b46316fd7ef3.jpg
АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. Атырау мұнай өңдеу зауытының (АМӨЗ) баспасөз қызметі санитарлық-қорғау аймағының шекарасына кіретін үйлердің тұрғындары көшірілетінін хабарлады.Атырау қаласының әкімдігі тұрғындарды көшіру мәселелері бойынша ведомствоаралық жұмыс комиссиясын құрды. Оның құрамына жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, АМӨЗ өкілдері және зауыт маңындағы үйлердің тұрғындары кірді."Атырау қаласының әкімдігі "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-пен бірлесіп, санитарлық-қорғау аймағының шекарасында орналасқан жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың тізімін нақтылау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл жылжымайтын мүлік нысандарын алып қою мәселелерін кейіннен шешу үшін қажет.Ведомствоаралық жұмыс комиссиясы тұрғындардың өтініштерін қарайды, жеке консультациялар өткізеді, көшіру және өтемақы төлеу тәртібін түсіндіреді, сондай-ақ меншік иелерін тұрғын үйлерді бағалау нәтижелерімен таныстырады", – делінген хабарламада.Қараша айының ортасында АМӨЗ-ге іргелес аудандардың тұрғындарымен кездесулер өткізу жоспарланып отыр. Кездесу барысында жұмыс комиссиясының өкілдері атқарылған жұмыстардың нәтижелерін түсіндіріп, тұрғындардың сұрақтарына жауап береді.АМӨЗ мәліметінше, жер учаскелері мен тұрғын үйлердің түпкілікті тізімі, олардың құқықтық мәртебесі және құқық иелері туралы мәліметтер тиісті жұмыстар аяқталған сайын нақтыланады.
https://sputnik.kz/20261007/atyrau-moz-ekologiyalyq-tekseru-natizhesine-qatysty-tusinikteme-berdi-67362624.html
атырау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/0b/54532790_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_b3a644128fb7c422d4bcd0cf562c2e1c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау, мұнай, мұнай өңдеу зауыты
атырау, мұнай, мұнай өңдеу зауыты
Атырау мұнай өңдеу зауыты маңындағы үйлердің тұрғындары көшіріледі
Қараша айында зауыт маңындағы үйлер мен жер учаскелерінің иелерімен кездесулер өтеді
АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. Атырау мұнай өңдеу зауытының (АМӨЗ) баспасөз қызметі санитарлық-қорғау аймағының шекарасына кіретін үйлердің тұрғындары көшірілетінін хабарлады.
Атырау қаласының әкімдігі тұрғындарды көшіру мәселелері бойынша ведомствоаралық жұмыс комиссиясын құрды. Оның құрамына жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, АМӨЗ өкілдері және зауыт маңындағы үйлердің тұрғындары кірді.
"Атырау қаласының әкімдігі "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-пен бірлесіп, санитарлық-қорғау аймағының шекарасында орналасқан жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың тізімін нақтылау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл жылжымайтын мүлік нысандарын алып қою мәселелерін кейіннен шешу үшін қажет.
Ведомствоаралық жұмыс комиссиясы тұрғындардың өтініштерін қарайды, жеке консультациялар өткізеді, көшіру және өтемақы төлеу тәртібін түсіндіреді, сондай-ақ меншік иелерін тұрғын үйлерді бағалау нәтижелерімен таныстырады", – делінген хабарламада.
Қараша айының ортасында АМӨЗ-ге іргелес аудандардың тұрғындарымен кездесулер өткізу жоспарланып отыр. Кездесу барысында жұмыс комиссиясының өкілдері атқарылған жұмыстардың нәтижелерін түсіндіріп, тұрғындардың сұрақтарына жауап береді.
АМӨЗ мәліметінше, жер учаскелері мен тұрғын үйлердің түпкілікті тізімі, олардың құқықтық мәртебесі және құқық иелері туралы мәліметтер тиісті жұмыстар аяқталған сайын нақтыланады.