Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Абу-Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді - Песков

© POOL / Медиабанкке өту Пресс-секретарь президента РФ Дмитрий Песков
 Пресс-секретарь президента РФ Дмитрий Песков - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.10.2026
Жазылу
АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. Қараша айының бірінші жартысында Абу-Дабиде өтетін және қауіпсіздік мәселелері қарастырылатын келіссөздер үшжақты форматта өткізіледі, деді Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
"Өздеріңізге белгілі, ештеңені алдын ала жоққа шығаруға болмайды, алайда біз сөз етіп отырған — қараша айының бірінші жартысына жоспарланған Абу-Дабидегі келіссөздер үшжақты форматта өтеді", — деді Песков тілшілерге.
Ол келіссөздер жүзеге асқан жағдайда, еуропалық өкілдерді де қосып, төртжақты форматта өткізу мүмкіндігі туралы сұраққа осылай деп жауап берді.
Путин бұған дейін АҚШ президентінің өкілі Стив Уиткоффқа Ресейдің қараша айының ортасына қарай Украина мәселесі бойынша үшжақты келіссөздерді қайта бастауға дайын екенін хабарлаған болатын.
Президент көмекшісі Юрий Ушаков Украинадағы жағдайды реттеуге қатысты үшжақты келіссөздердің жаңа кезеңі қараша айында Абу-Дабиде өтуі мүмкін екенін мәлімдеді.
Дональд Трамп  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.10.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп Украинадағы қақтығыс жақын арада шешілетінін мәлімдеді
Жаңалықтар
0