Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Трамп Украина бойынша келісімге жақындағандықтан, санкция салмайтынын мәлімдеді

© AP Photo / Manuel Balce CenetaДональд Трамп
Дональд Трамп - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.10.2026
Жазылу
АҚШ президенті шектеу шараларын "кез келген күні" енгізуге өкілеттігі бар екенін айтты
АСТАНА, 22 қазан – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы жағдайды реттеу жөніндегі келісімге жақындауға байланысты Ресейге қарсы санкция салмайтынын мәлімдеді.
"Келісімге жақындап, келіссөз өте нәзік сипатқа ие болған кезде, санкция салу орынсыз", – деді Трамп Ақ үйде журналистерге.
АҚШ президенті шектеу шараларын "кез келген күні" енгізуге өкілеттігі бар екенін еске салды. Алайда оның пікірінше, санкция енгізуге шақырып жүрген адамдар мәселенің мәнін түсінбейді әрі парасат-пайымы жетпейді.
Госсекретарь США Марко Рубио - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Рубио: Трамп Украинадағы қақтығысты тоқтату үшін кез келген қадамға дайын
Жаңалықтар
0