Қазақстан БҰҰ Бас хатшысы лауазымына БАӘ атынан түскен Лана Заки Нусейбені қолдайды – СІМ

© Sputnik / Санат ИмангалиевСыртқы істер министрлігі
Сыртқы істер министрлігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.10.2026
Жазылу
Үміткер қазіргі уақытта БАӘ-нің сыртқы істер жөніндегі мемлекеттік министрі қызметін атқарады
АСТАНА, 22 қазан – Sputnik. Сыртқы істер министрлігі Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) БҰҰ Бас хатшысы лауазымына Лана Заки Нусейбехтің кандидатурасын ұсынуын құптайтынын мәлімдеді.
Лана Заки Нусейбех қазіргі уақытта БАӘ-нің Сыртқы істер жөніндегі мемлекеттік министрі қызметін атқарады, сондай-ақ ол БАӘ-нің Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы бұрынғы тұрақты өкілі болған.
Министрлік атап өткендей, Қауіпсіздік кеңесінде ортақ келісімге келу мәселесінде белгілі бір қиындықтар бар, бұған бейресми дауыс берудің алдыңғы кезеңдерінің нәтижелері дәлел бола алады.
"Осыған байланысты Қазақстан кандидаттар қатарының кеңеюін құптайды және мұны сындарлы диалогты жалғастыруға, сондай-ақ өзара қолайлы шешім іздестіруге берілген қосымша мүмкіндік ретінде қарастырады. Өз кезегінде, Қазақстан халықаралық қатынастардағы БҰҰ-ның орталық рөлін нығайтуды, оның қызметінің тиімділігін арттыруды және жаһандық сын-қатерлерге ден қоюға бағытталған көпжақты тетіктерді жетілдіруді дәйекті түрде жақтайды", — деп мәлімдеді Сыртқы істер министрлігі.
Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бұған дейін БҰҰ Бас хатшысын сайлау – сессияның маңызды оқиғаларының бірі боларын айтап өткен болатын. Ол Қазақстанның БҰҰ Жарғысына толық сәйкес келетін, ашық, инклюзивті әрі кандидаттардың кәсіби қасиеттеріне негізделген іріктеу процесін жақтайтынын баса айтты.
Премьер-министр Индии Нарендра Моди на саммите Шанхайской организации сотрудничества в Самарканде - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.09.2026
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін реформалауды бұдан әрі кейінге қалдыруға болмайды – Моди
Жаңалықтар
0