Павлодарда 22 мүгедек жан бір жарым жылдан бері әлеуметтік көмексіз қалған

© Sputnik / Айдана ДайыроваПавлодарда 22 мүгедек жан бір жарым жылдан бері әлеуметтік көмексіз қалған
Павлодарда 22 мүгедек жан бір жарым жылдан бері әлеуметтік көмексіз қалған - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.10.2026
Жазылу
Әкімдік оңалту қызметтерін көрсету мәселесін жеке бағдарламаларға өзгеріс енгізу арқылы шешуді қарастыруға болатынын мәлімдеді
АСТАНА, 22 қазан – Sputnik. Павлодарда 30 жыл жұмыс істеген "Самал" бейімдеу орталығы жабылғаннан кейін 22 мүгедек жан бір жарым жылдан бері қажетті көмекті ала алмай отыр. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне "Бала және отбасы" қоғамдық қорының жетекшісі Гүлмира Құрманғалиева айтты.
© Sputnik / Айдана ДайыроваПавлодарда 22 мүгедек жан бір жарым жылдан бері әлеуметтік көмексіз қалған
Павлодарда 22 мүгедек жан бір жарым жылдан бері әлеуметтік көмексіз қалған - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.10.2026
Павлодарда 22 мүгедек жан бір жарым жылдан бері әлеуметтік көмексіз қалған

22 адам көмексіз қалды

Павлодардағы жекеменшік "Самал" бейімдеу орталығы мемлекеттік ғимаратты жалға алып, 30 жыл бойы мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсеткен. Алайда былтыр мұндай орталықтарға қойылатын талаптар өзгерген.
"Лицензиялаудың жаңа талаптары енгізілді. "Самал" бейімдеу орталығы бұл талаптардан өте алмай, ғимарат мемлекет меншігіне қайтарылды. Орталықта 100-ге жуық адам көмек алатын. Олардың бір бөлігі диагнозына қарай басқа орталықтарға орналастырылды. Ал 22 адам ешқайда орналаса алмай қалды. Бір жарым жыл бойы төрт қабырғаға қамалып, ешқандай көмек алмай отыр", – дейді Гүлмира Құрманғалиева.
Қоғамдық қор жетекшісінің айтуынша, бұл 22 адам бұрын "Самал" орталығында белгіленген стандарттарға қарамастан көмек алып келген. Орталық диагнозына қарай бөлмей, оларға медициналық қызмет көрсеткен.

Ғимарат қолдан қолға өткен

Босатылған ғимарат "Живое сердце" қоғамдық қорына берілген. Ол да оңалту қызметтерін көрсетуді жоспарлаған.
"Ғимаратты бізден кейін алған қоғамдық қордың лицензиясы да, тәжірибесі де жоқ. Естуімізше, ол тендерге қатысып, жеңіп алған. Тендерге тек осы қор ғана қатысқан. Алайда қор сол күйі жұмыс істемеді", – дейді Гүлмира Құрманғалиева.
Оның айтуынша, биыл 30 қыркүйекте ғимарат қайтадан мемлекет меншігіне өткен.

Ғимарат әзірге бос тұр

"Бұл ғимаратта енді не болатыны белгісіз. Өкініштісі, ғимарат қолдан қолға өтіп жүргенде 22 адам өткен жылдың сәуір айынан бері үйде қамалып отыр. Олардың арасында төсек тартып жатқан жеті жастағы бала бар. Әкесі күндіз жұмыс істейді, ал анасы түнгі ауысымда еңбек етеді. Бұл 22 адамның ешқайсысы қажетті оңалту қызметтерін алып жатқан жоқ", – дейді қоғамдық қор жетекшісі.
© Sputnik / Айдана ДайыроваПавлодарда 22 мүгедек жан бір жарым жылдан бері әлеуметтік көмексіз қалған
Павлодарда 22 мүгедек жан бір жарым жылдан бері әлеуметтік көмексіз қалған - Sputnik Қазақстан
1/5
Павлодарда 22 мүгедек жан бір жарым жылдан бері әлеуметтік көмексіз қалған
© Sputnik / Айдана ДайыроваПавлодарда 22 мүгедек жан бір жарым жылдан бері әлеуметтік көмексіз қалған
Павлодарда 22 мүгедек жан бір жарым жылдан бері әлеуметтік көмексіз қалған - Sputnik Қазақстан
2/5

3/5

4/5

5/5

Sputnik Қазақстан тілшісі мәселенің мән-жайын Павлодар қаласының әкімдігінен сұрап көрді.

Әкімдік не дейді?

Қала әкімдігінің мәліметінше, бұрын "Самал" оңалту орталығы орналасқан ғимарат Павлодар қаласының коммуналдық меншігінде болған. Орталық 18 жасқа дейінгі және одан асқан мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің сегіз түрін ұсынған. Қызмет алушылардың басым бөлігінде психоневрологиялық аурулар немесе церебралды сал ауруы болған.
Әкімдіктің хабарлауынша, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы №230 бұйрығына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін лицензия алу міндеттелген. Осыған байланысты орталыққа жаңа талаптар туралы хабарлама жіберілген.
"Алайда "Самал" оңалту орталығы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия алған жоқ. Осыған байланысты "Самал" оңалту орталығымен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шарт 2025 жылғы 24 сәуірде бұзылды. Бейімдеу орталығының әлі де лицензиясы жоқ", – деп хабарлады әкімдік.
Әкімдіктің мәліметінше, шарт бұзылғаннан кейінгі екі ай ішінде орталықтың 84 қызмет алушысы басқа мекемелерге бөлінген:
29 бала – облыстық балалар психоневрологиялық орталығына;
5 бала – тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған облыстық оңалту орталығына;
18 жастан асқан 16 адам – "Альрами" клуб үйіне;
12 адам – облыстық "Ардагер" оңалту орталығына орналастырылған.
Ал ата-аналардың әлеуметтік желілерде жариялаған бейнеөтініштеріне қатысты әкімдік екі баланың әрекетке қабілетсіз деп танылғанын атап өтті. Қолданыстағы оңалту орталықтарында оларға белгіленген стандарттарға сәйкес арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету мүмкін емес екені хабарланған.
"Жеке абилитация және оңалту бағдарламасына тиісті өзгерістер енгізілген жағдайда балаларды оңалту қызметтерімен қамту мәселесін қарастыруға болады", – деп мәлімдеді әкімдік.
Ал қолдан қолға өткен ғимарат сол күйі қаңырап бос тұр.
Жаңалықтар
0