https://sputnik.kz/20261022/otbasy-bank-ipoteka-komissiyasynyn-shekti-molsherin-arttyru-tartibin-tusindirdi-67854219.html
Отбасы банк ипотека комиссиясының шекті мөлшерін арттыру тәртібін түсіндірді
Отбасы банк ипотека комиссиясының шекті мөлшерін арттыру тәртібін түсіндірді
Sputnik Қазақстан
50 млн теңгеге дейінгі сомаға заем алатындар үшін комиссия мөлшері өзгермейді 22.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-22T12:35+0500
2026-10-22T12:35+0500
2026-10-22T12:35+0500
кредит
банк
баспана
https://sputnik.kz/img/07e7/05/12/35009177_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_0875d14b0d6d56d4a3e7d0802a9f774d.jpg
АСТАНА, 22 қазан – Sputnik. Отбасы банк алдын ала және аралық ипотека үшін комиссияның шекті мөлшерін есептеу тәртібі қалай өзгеретінін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.31 қазаннан бастап Отбасы банкте алдын ала және аралық заемдарды беруді ұйымдастырғаны үшін комиссияның шекті мөлшерін есептеу принципі өзгереді. Атап айтқанда, комиссия мөлшерінің өзі бұрынғыдай кредит сомасының 1 процентін құрайды. Ал ірі сомалар үшін комиссияның шекті мәндері ғана өзгереді.Келесі айда енгізілетін комиссиялар:"Банк статистикасы бойынша клиенттердің 92%-ы 50 млн теңгеге дейінгі сомаға заем алады. Олар үшін комиссия мөлшері өзгермейді. Комиссия бойынша шекті мәндер тек ірі сомадағы заемдарға ғана қатысты", - дейді банк мамандары.31 қазанға дейінгі өтінімдер қалай қараладыЖаңа шарттар 31 қазаннан бастап қабылдаған несиелік өтінімдерге қолданылады. Көрсетілген күнге дейін қабылданған өтінімдер бұрынғы шарттармен қарастырылады. Сондай-ақ жаңа ереже бұған дейін беріліп қойған заемдарға қолданылмайды."Бұл өзгеріс берілетін заем сомасын ескере отырып, комиссияның шекті мөлшерін анықтауда неғұрлым әділ тәсілді қолдануға бағытталған", - делінген ресми хабарламада.Отбасы банкі комиссияны есептеу мысалдардарын да келтірді:Заем сомасы 20 млн теңге31 қазаннан бастап комиссияны есептеу: 20 000 000 × 1% = 200 000 теңге. Бұған дейін де комиссия 200 000 теңгені құрайтын еді.Заем сомасы 70 млн теңгеЕсептелуі: 70 000 000 × 1% = 700 000 теңге. Бұған дейін комиссия мөлшері: 300 000 теңге болатын еді. 31 қазаннан бастап: 500 000 теңге.Комиссия заем берілген кезде бір рет қана алынады. Бұл ретте мемлекеттік бағдарламалар аясында берілетін заемдар бойынша бұл комиссия алынбайды.
https://sputnik.kz/20260810/tizimdi-zansyz-zhylzhytqan-otbasy-bank-qyzmetkerlerdi-zhumystan-shygardy-65586790.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/12/35009177_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_e90ddc1683bdbe759bbc3655e413b3f4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кредит, банк, баспана
Отбасы банк ипотека комиссиясының шекті мөлшерін арттыру тәртібін түсіндірді
50 млн теңгеге дейінгі сомаға заем алатындар үшін комиссия мөлшері өзгермейді
АСТАНА, 22 қазан – Sputnik. Отбасы банк алдын ала және аралық ипотека үшін комиссияның шекті мөлшерін есептеу тәртібі қалай өзгеретінін түсіндірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. 31 қазаннан бастап Отбасы банкте алдын ала және аралық заемдарды беруді ұйымдастырғаны үшін комиссияның шекті мөлшерін есептеу принципі өзгереді. Атап айтқанда, комиссия мөлшерінің өзі бұрынғыдай кредит сомасының 1 процентін құрайды. Ал ірі сомалар үшін комиссияның шекті мәндері ғана өзгереді.
Келесі айда енгізілетін комиссиялар:
заем 50 млн теңгеге дейінгі (қоса алғанда) сомаға берілсе, онда комиссия заем сомасының 1%-ын құрайды, бірақ 300 000 теңгеден аспайды.
заем 50 млн теңгеден 100 млн теңгеге дейінгі (қоса алғанда) сомаға берілсе, онда комиссия заем сомасының 1%-ын құрайды, бірақ 500 000 теңгеден аспайды.
заем 100 млн теңгеден жоғары сомаға берілсе, онда комиссия заем сомасының 1%-ын құрайды, бірақ 1 000 000 теңгеден аспайды.
"Банк статистикасы бойынша клиенттердің 92%-ы 50 млн теңгеге дейінгі сомаға заем алады. Олар үшін комиссия мөлшері өзгермейді. Комиссия бойынша шекті мәндер тек ірі сомадағы заемдарға ғана қатысты", - дейді банк мамандары.
31 қазанға дейінгі өтінімдер қалай қаралады
Жаңа шарттар 31 қазаннан бастап қабылдаған несиелік өтінімдерге қолданылады. Көрсетілген күнге дейін қабылданған өтінімдер бұрынғы шарттармен қарастырылады. Сондай-ақ жаңа ереже бұған дейін беріліп қойған заемдарға қолданылмайды.
"Бұл өзгеріс берілетін заем сомасын ескере отырып, комиссияның шекті мөлшерін анықтауда неғұрлым әділ тәсілді қолдануға бағытталған", - делінген ресми хабарламада.
Отбасы банкі комиссияны есептеу мысалдардарын да келтірді:
31 қазаннан бастап комиссияны есептеу: 20 000 000 × 1% = 200 000 теңге. Бұған дейін де комиссия 200 000 теңгені құрайтын еді.
Есептелуі: 70 000 000 × 1% = 700 000 теңге. Бұған дейін комиссия мөлшері: 300 000 теңге болатын еді. 31 қазаннан бастап: 500 000 теңге.
Комиссия заем берілген кезде бір рет қана алынады. Бұл ретте мемлекеттік бағдарламалар аясында берілетін заемдар бойынша бұл комиссия алынбайды.