Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресей қараша айында Украина бойынша үшжақты келіссөздерді қайта бастауға дайын

© POOL / Медиабанкке өтуВладимир Путин
Владимир Путин - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.10.2026
Жазылу
Санкт-Петербургте Путин мен Уиткофф арасындағы келіссөздер өтті
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин АҚШ президентінің өкілі Стив Уиткоффқа Ресейдің қараша айының ортасына қарай Украина мәселесі бойынша үшжақты келіссөздерді қайта бастауға дайын екенін жеткізді.
Бұл туралы президент көмекшісі Юрий Ушаковтың мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып, "РИА Новости" хабарлады.
Бұған дейін Санкт-Петербургте Путин мен Уиткофф арасындағы келіссөздер аяқталды. Ресей тарапынан талқылауларға президент көмекшісі Юрий Ушаков, сондай-ақ президенттің шетел мемлекеттерімен инвестициялық және экономикалық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі әрі Ресей тікелей инвестициялар қорының (РТИҚ) басшысы Кирилл Дмитриев қатысты.
"Президентіміз Стив Уиткоффқа негізгі тақырыпқа назар аудара отырып, 10 қарашада жоғарыда аталған үшжақты келіссөздерді қайта бастауға дайын екенімізді жеткізді", — деді Ушаков журналистерге.
Путин мен Уиткоффтың кездесуіндегі негізгі мәлімдемелер - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.10.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Путин мен Уиткоффтың кездесуіндегі негізгі мәлімдемелер
Жаңалықтар
0