Қолын сындырған: бұрынғы әйеліне қол көтерген басбұзар түрмеге тоғытылды

© Sputnik / Тимур БатыршинҚолын сындырған: бұрынғы әйеліне қол көтерген басбұзар түрмеге жабылды
Қолын сындырған: бұрынғы әйеліне қол көтерген басбұзар түрмеге жабылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.10.2026
Жазылу
Ерлі-зайыптылар ажырасқаннан кейін қайта қосылып, бір үйде тұрған
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Жамбыл облысында бұрынғы әйелінің қолын сындырған ер адам бір жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Сот материалдарына сәйкес, ерлі-зайыптылар ажырасқаннан кейін қайта қосылып, бір үйде тұрған.
"Былтыр екеуінің арасында тұрмыстық жанжал шыққан. Сол кезде сотталушы әйелін бірнеше рет бетінен ұрған. Есінен танып қалған жәбірленушінің қолын да сындырған", - делінген соттың хабарламасында.
Әйел медициналық көмекке жүгінбекші болғанда тағы жанжал шыққан. Сотталушы оның ар-намысына тиетін сөз айып қорлаған.
Бұған дейін қалалық сот басбұзарды 1 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарған. Ол сот актісін даулап, өзін ақтауды сұраған. Апелляциялық алқа іс материалдарын зерттеп, бірінші сатыдағы үкімді өзгеріссіз қалдырды. Сот актілері заңды күшіне енді.
Домашнее насилие, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.10.2026
Видео
Талдықорғанда ер адам баласы жылағаны үшін әйелін ұрған
Жаңалықтар
0