Қазақстанда қандай мамандарға сұраныс жоғары

© Sputnik / Абзал КалиевБольница
Больница - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.10.2026
Жазылу
2035 жылға дейін Қазақстан экономикасына 2,9 млн маман қажет болады
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жоғары сұранысқа ие мамандардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Соңғы мәліметтер бойынша, мамандар тапшылығы әсіресе медицина саласында, сондай-ақ жұмысшы, техникалық және инженерлік кәсіптерде байқалады.
Сұранысқа ие мамандықтардың қатарында:
акушер-гинеколог;
педиатр;
анестезиолог-реаниматолог;
онколог;
неонатолог;
эндокринолог;
электрик;
механик;
слесарь;
дәнекерлеуші;
машинист;
жабдық операторы;
құрылысшы;
жүргізуші;
инженер;
өндірістік процестерді автоматтандыру мамандары;
бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеушілер;
қолданбалы бағдарламаларды жасаушылар және басқа да IT-мамандар бар.
Министрлік мамандарының болжамынша, 2035 жылға дейін Қазақстан экономикасына 2,9 млн маман қажет болады. Оның жартысынан астамына сұраныс жұмысшы кәсіптеріне тиесілі.
Бұл техникалық және кәсіптік білім берудің ел экономикасын қажетті кадрлармен қамтамасыз етудегі маңызы артып келе жатқанын көрсетеді.
Министрлік мәліметінше, қазіргі кадр тапшылығы еңбек ресурстарының жалпы жетіспеушілігінен гөрі, жұмысшылардың біліктілігі мен экономика сұранысының сәйкес келмеуіне байланысты болып отыр.
Электроэнергетика  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.08.2026
Энергетика саласында үш жаңа мамандық пайда болады
Жаңалықтар
0