Қазақстан мен Қытай жүргізушісіз жүк тасымалы жобасын әзірлеп жатыр
Жазылу
Тараптар зияткерлік көлік жүйелері мен автономды көлік технологиялары саласындағы Бірлескен құзыреттер орталығын құру туралы келісімге қол қойды
АСТАНА, 21 қазан - Sputnik. Қазақстан мен Қытай халықаралық көлік бағыты бойынша жүргізушісіз автономды жүк тасымалының пилоттық жобасын іске асырады, деп хабарлайды Көлік министрлігі.
"Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты" АҚ мен China TransInfo Group зияткерлік көлік жүйелері мен автономды көлік технологиялары саласындағы Бірлескен құзыреттер орталығын құру туралы келісімге қол қойды.
"Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты" АҚ мен China TransInfo Group зияткерлік көлік жүйелері мен автономды көлік технологиялары саласындағы Бірлескен құзыреттер орталығын құру туралы келісімге қол қойды.

Қазақстан мен Қытай жүргізушісіз жүк тасымалы жобасын әзірлеп жатыр
Орталық зияткерлік көлік жүйелері, автономды жүргізу және жол инфрақұрылымын цифрландыру салаларындағы ынтымақтастықты дамытады.
Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі - Қытай – Қазақстан халықаралық көлік бағыты бойынша автономды жүк тасымалының пилоттық жобасын іске асыру.
Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі - Қытай – Қазақстан халықаралық көлік бағыты бойынша автономды жүк тасымалының пилоттық жобасын іске асыру.
"Сонымен қатар көлік құралдарының салмақтық және габариттік параметрлерін автоматтандырылған бақылау жүйелері енгізіледі. Оның ішінде қозғалыс үстінде өлшеу технологиясын енгізу, автономды көлік құралдарын сынауға арналған полигон құру және салалық ақпараттық жүйелерді интеграциялау бар", - дейді министрлік.

Қазақстан мен Қытай жүргізушісіз жүк тасымалы жобасын әзірлеп жатыр
Кездесу барысында тараптар сарапшылар алмасу, мамандардың біліктілігін арттыру, бірлескен семинарлар өткізу және өзара жұмыс сапарларын ұйымдастыру мәселелерін де талқылады.
"Орталық озық цифрлық және автономды көлік технологияларына ғылыми-техникалық баға беруге және оларды Қазақстан жағдайына бейімдеуге арналған алаңға айналады. Біздің мақсатымыз – пилоттық жобаларды іске асыруды қамтамасыз ету және жол саласының нормативтік-техникалық базасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу", – деді "ҚазжолҒЗИ" АҚ вице-президенті Кенжебек Азатбеков.
Орталықты құру Қазақстанның зияткерлік көлік инфрақұрылымын дамытуға, елдің ғылыми-техникалық әлеуетін нығайтуға және халықаралық көлік дәліздеріне заманауи шешімдерді енгізуге бағытталған.

