Қазақстан мен Өзбекстан кеден өкілдіктерін ашады – министр себебін түсіндірді

© Photo : Комитет госинспекции в АПК Минсельхоза Казахстана19 тонн груш возвращены в Бельгию из-за отсутствия фитосанитарного сертификата
19 тонн груш возвращены в Бельгию из-за отсутствия фитосанитарного сертификата - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.10.2026
Жазылу
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы келісім 2025 жылы 15 қарашада Ташкентте жасалған болатын
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Қаржы министрі Мәди Такиев Қазақстан мен Өзбекстанда кеден қызметі өкілдіктері не себепті ашылатынын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін Құрылтай Қазақстан мен Өзбекстанның кеден қызметі өкілдіктерін ашу туралы келісімді ратификациялады. Келісімнің негізгі мақсаты – жедел ақпаратты алмасу мен кеден органдарының іс-қимылын үйлестіру. Қаржы министрі Мәди Такиевтің айтуынша, кеден өкілдері елшіліктер арқылы жұмыс істеп, бизнеске көмектеседі.
"Мысалы, Астанада Тәжікстан көрмесі өткенде Өзбекстан аумағы арқылы тасымалданған тауарларды рәсімдеу керек болған. Сол кезде біздің өкілдеріміз осы жұмысты жеделдетуге көмектесті. Сол сияқты бізден Ауғанстанға гуманитарлық көмек жөнелтілсе, кеден өкілдеріміз құжаттарды жылдам рәсімдеуге атсалысады. Олар жергілікті кеден органдарына тікелей шыға алады", - деді Такиев Құрылтайдың бүгінгі отырысында.
Айта кетері, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы келісім 2025 жылғы 15 қарашада Ташкентте жасалған болатын. Ал екі елдің тауар айналымы биыл 8 айда 3,7 млрд долларды құрады, бұл өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 29 пайызға артық.
Қазақстан мен Қытай ақылды кеден жобасын іске қосады - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.07.2025
Қазақстан мен Қытай "ақылды кеден" жобасын іске қосады
Жаңалықтар
0