Қазақстан авиациялық қауіпсіздік бойынша үздік 20 елдің қатарына енді

© Photo : Министерство транспорта КазахстанаҚазақстан авиациялық қауіпсіздік бойынша үздік 20 елдің қатарына енді
Қазақстан авиациялық қауіпсіздік бойынша үздік 20 елдің қатарына енді - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.10.2026
Жазылу
2025 жылы ел әуежайлары 31,8 млн жолаушыға қызмет көрсетіп, халықаралық бағыттар желісі 161 бағытқа дейін кеңейді
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Олжас Бектенов Халықаралық азаматтық авиация ұйымының ICAO Бас хатшысы Хуан Карлос Салазармен азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды үкімет.
© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана Қазақстан авиациялық қауіпсіздік бойынша үздік 20 елдің қатарына енді
Олжас Бектенов обсудил с Генсекретарем ICAO Хуаном Карлосом Саласаром укрепление сотрудничества в области гражданской авиации - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.10.2026
Қазақстан авиациялық қауіпсіздік бойынша үздік 20 елдің қатарына енді

"Хуан Карлос Салазар елдің авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі жетістіктерін жоғары бағалады. Қазақстан ICAO-ның авиациялық қауіпсіздік стандарттары бойынша 95,7% көрсеткішпен үздік 20 мемлекеттің қатарына кіреді", — делінген хабарламада.

ICAO Бас хатшысы Қазақстанның әуежай және аэронавигациялық инфрақұрылымын дамыту мен нығайту бағытында маңызды шешімдер қабылдап жатқанын, сондай-ақ елдегі әуе компанияларының өз әуе кемелері паркін жаңартып, халықаралық бағыттар желісін кеңейтіп жатқанын атап өтті.
Премьер-министрдің айтуынша, соңғы бес жылда авиация саласының экономикалық көрсеткіштері 6,5 есеге өсіп, 2,9 миллиард долларға жетті.
2025 жылы еліміздің әуежайлары 31,8 миллион жолаушыға қызмет көрсетті, ал халықаралық бағыттар желісі 161 бағытқа дейін кеңейген.
© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана Қазақстан авиациялық қауіпсіздік бойынша үздік 20 елдің қатарына енді
Олжас Бектенов обсудил с Генсекретарем ICAO Хуаном Карлосом Саласаром укрепление сотрудничества в области гражданской авиации - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.10.2026
Қазақстан авиациялық қауіпсіздік бойынша үздік 20 елдің қатарына енді
Тараптар сондай-ақ Қазақстандағы азаматтық авиацияны 2050 жылға дейін дамытуға арналған бас жоспарды әзірлеу мәселесін талқылады. Бұл құжат саланы жаңғырту және авиациялық хабтар құру бойынша басым бағыттарды айқындайтын болады.
Кездесу қорытындысы бойынша Олжас Бектенов пен Хуан Карлос Салазар азаматтық авиация қауіпсіздігін одан әрі нығайту және оның тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан мен ICAO арасындағы ынтымақтастықты күшейтуге, сондай-ақ екі тараптың күш-жігерін біріктіруге дайын екендіктерін растады.
Генеральный секретарь Международной организации гражданской авиации (ИКАО) Хуан Карлос Саласар - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.10.2026
ИКАО бас хатшысы Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келді
Жаңалықтар
0