https://sputnik.kz/20261021/mangystauda-45-mlrd-tengenin-munay-onimi-shetelge-zansyz-eksporttalgan-67801566.html
Маңғыстауда 45 млрд теңгенің мұнай өнімі шетелге заңсыз экспортталған
Маңғыстауда 45 млрд теңгенің мұнай өнімі шетелге заңсыз экспортталған
Sputnik Қазақстан
2019-2023 жылдар аралығында тек "Batys Nefte Trade" ЖШС арқылы шетелге 160 мың тоннадан астам мұнай өнімі заңсыз экспортталған 21.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-21T12:21+0500
2026-10-21T12:21+0500
2026-10-21T12:21+0500
маңғыстау облысы
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/16/41110222_0:190:1600:1090_1920x0_80_0_0_7bd4cfc3781a83047c535d42219f2400.jpg
АЛМАТЫ, 21 қазан – Sputnik. Маңғыстау облысында ұйымдасқан қылмыстық топ мұнай өнімдерін Қазақстаннан тыс жерлерге заңсыз экспорттаумен айналысқан. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.Тергеу мәліметінше, қылмыстық схеманы Маңғыстау облысының кәсіпкері ұйымдастырған. Ол жер қойнауын пайдаланушы компаниялармен шикі мұнай сатып алу туралы келісімшарттар жасасқан. Кейін мұнай "Standart Petroleum" және "Mangystau Oil Refining" шағын мұнай өңдеу зауыттарында өңделіп, өнімге жалған сапа паспорттары рәсімделген.Комитеттің мәліметінше, биыл жүргізілген тергеу әрекеттері аясында қылмыстық іске қатысы бар тұлғалардың активтері, шағын мұнай өңдеу зауыттары, танкер және өзге де мүлік тәркіленген.Сонымен қатар заңсыз алынған кірістер мен төленбеген салықтар бойынша мемлекет кірісіне 2 млрд теңгеден астам қаражат өндірілген.Бұған дейін Ақтау қалалық сотының үкімімен ұйымдасқан қылмыстық топтың бес мүшесі, оның ішінде шағын мұнай өңдеу зауыттары мен трейдерлік компанияның басшылары Қылмыстық кодекстің 234-бабы 3-бөлігі және 262-бабы 2-бөлігі бойынша сегіз жылға бас бостандығынан айырылған.Ал қылмыстық схеманы ұйымдастырушы халықаралық іздеуге жарияланған.
https://sputnik.kz/20250621/qaragandyda-munay-onimderin-zansyz-saqtagan-kasiporynga-7-mln-tenge-ayyppul-salyndy-54973983.html
маңғыстау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/16/41110222_0:40:1600:1240_1920x0_80_0_0_6882ae13ed5f34767a217c92a5e793b7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
маңғыстау облысы
Маңғыстауда 45 млрд теңгенің мұнай өнімі шетелге заңсыз экспортталған
2019-2023 жылдар аралығында тек "Batys Nefte Trade" ЖШС арқылы шетелге 160 мың тоннадан астам мұнай өнімі заңсыз экспортталған
АЛМАТЫ, 21 қазан – Sputnik. Маңғыстау облысында ұйымдасқан қылмыстық топ мұнай өнімдерін Қазақстаннан тыс жерлерге заңсыз экспорттаумен айналысқан. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.
Тергеу мәліметінше, қылмыстық схеманы Маңғыстау облысының кәсіпкері ұйымдастырған. Ол жер қойнауын пайдаланушы компаниялармен шикі мұнай сатып алу туралы келісімшарттар жасасқан. Кейін мұнай "Standart Petroleum" және "Mangystau Oil Refining" шағын мұнай өңдеу зауыттарында өңделіп, өнімге жалған сапа паспорттары рәсімделген.
"Одан әрі өнім пеш отыны ретінде көрсетіліп, Ақтау теңіз порты арқылы танкерлермен шетелге шығарылған. 2019-2023 жылдар аралығында тек "Batys Nefte Trade" ЖШС арқылы шетелге 160 мың тоннадан астам мұнай өнімі заңсыз экспортталған. Операциялардың жалпы көлемі шамамен 45 млрд теңгеге бағаланған", – деп хабарлады ҰҚК.
Комитеттің мәліметінше, биыл жүргізілген тергеу әрекеттері аясында қылмыстық іске қатысы бар тұлғалардың активтері, шағын мұнай өңдеу зауыттары, танкер және өзге де мүлік тәркіленген.
Сонымен қатар заңсыз алынған кірістер мен төленбеген салықтар бойынша мемлекет кірісіне 2 млрд теңгеден астам қаражат өндірілген.
Бұған дейін Ақтау қалалық сотының үкімімен ұйымдасқан қылмыстық топтың бес мүшесі, оның ішінде шағын мұнай өңдеу зауыттары мен трейдерлік компанияның басшылары Қылмыстық кодекстің 234-бабы 3-бөлігі және 262-бабы 2-бөлігі бойынша сегіз жылға бас бостандығынан айырылған.
Ал қылмыстық схеманы ұйымдастырушы халықаралық іздеуге жарияланған.