https://sputnik.kz/20261021/koliginmen-qosa-ortteymiz-shymkentte-eki-er-adam-kasipkerden-10-mln-tenge-talap-etken-67834510.html
"Көлігіңмен қоса өртейміз": Шымкентте екі ер адам кәсіпкерден 10 млн теңге бопсалаған
"Көлігіңмен қоса өртейміз": Шымкентте екі ер адам кәсіпкерден 10 млн теңге бопсалаған
Sputnik Қазақстан
Олар кәсіпкерге тиесілі жүк көлігінің кілтін иемденіп, оны қорқытқан 21.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-21T20:58+0500
2026-10-21T20:58+0500
2026-10-21T21:45+0500
шымкент
полиция
бопсалау
видео
https://sputnik.kz/img/184/35/1843546_0:0:3001:1688_1920x0_80_0_0_095220af81207109330e2eab8e463572.jpg
АСТАНА, 21 қазан - Sputnik. Шымкентте екі ер адам кәсіпкерге тиесілі жүк көлігінің кілтін иемденіп, одан 10 млн теңге талап еткен. Ақша берілмеген жағдайда жүк көлігін иесімен бірге өртеп жіберетіндерін айтып қорқытқан.Алдын ала тергеу мәліметтеріне сәйкес, оқиға қалалық базарлардың бірінде болған. Ет өнімдерін тасымалдау барысында тауар бүлініп, тараптар арасында келтірілген шығынды өтеуге қатысты дау туындаған.Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.Өз бетінше билік ету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
https://sputnik.kz/20260619/shqo-da-tanysyn-eki-zhyl-boyy-bopsalagan-kudikti-qamauga-alyndy-64237101.html
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/184/35/1843546_0:0:2667:2000_1920x0_80_0_0_d6ec6e411e0b5ed747e7608db96827b2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент, полиция, бопсалау
шымкент, полиция, бопсалау
"Көлігіңмен қоса өртейміз": Шымкентте екі ер адам кәсіпкерден 10 млн теңге бопсалаған
20:58 21.10.2026 (жаңартылды: 21:45 21.10.2026) Олар кәсіпкерге тиесілі жүк көлігінің кілтін иемденіп, оны қорқытқан
АСТАНА, 21 қазан - Sputnik. Шымкентте екі ер адам кәсіпкерге тиесілі жүк көлігінің кілтін иемденіп, одан 10 млн теңге талап еткен.
Ақша берілмеген жағдайда жүк көлігін иесімен бірге өртеп жіберетіндерін айтып қорқытқан.
Алдын ала тергеу мәліметтеріне сәйкес, оқиға қалалық базарлардың бірінде болған. Ет өнімдерін тасымалдау барысында тауар бүлініп, тараптар арасында келтірілген шығынды өтеуге қатысты дау туындаған.
"Жедел іс-шаралар барысында полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ҰҚКД-мен бірлесіп күдіктілерді талап етілген соманың 5 млн теңгесін алып жатқан жерінен ұстады", - дейді полиция департаменті.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Өз бетінше билік ету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.