Хромтау шахтасының төбесі опырылып түсті – бір кенші қаза тапты

© Photo : Пресс-служба акима Карагандинской области Хромтау шахтасының төбесі опырылып түсті – бір кенші қаза тапты
Хромтау шахтасының төбесі опырылып түсті – бір кенші қаза тапты - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.10.2026
Жазылу
Ұңғылаушы ауыр жарақаттан көз жұмды
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Ақтөбе облысындағы Дөң тау-кен байыту комбинатының шахтасында кенші қаза тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қайғылы оқиға 20 қазанда болған.
"Шахтада сақтандыру бекітпесін орнату жұмыстары кезінде кеншінің үстіне тау-кен массасы опырылып құлаған. Ұңғылаушы ауыр жарақаттан қаза тапты", - деп жазды компания.
Полиция тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Комбинат марқұмның отбасына қажетті көмек көрсетеміз деп отыр.
Жомарт кеніші - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.03.2025
7 кеншінің қазасы: тексерістің нәтижесі белгілі болды
Жаңалықтар
0