Андрей Стенин атындағы халықаралық фотобайқаудың жеңімпаздары анықталды
16:40 21.10.2026 (жаңартылды: 16:55 21.10.2026)

© Sputnik / Василий Максимов
Жазылу
Марапаттау рәсімі Мәскеу музейінде өтті
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Мәскеуде Андрей Стенин атындағы XII Халықаралық фотожурналистика байқауының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Гран-приді ливандық фотограф Абдул Кадер әл-Бай жеңіп алды. Халықаралық қазылар алқасы оған "Ливан, 2024-2025: Әуе шабуылдары арасындағы өмір" фотосуреттер сериясы үшін "Басты жаңалықтар. Фотосуреттер сериясы" аталымында бас жүлдені беруге бірауыздан шешім қабылдады.

"Ливан, 2024-2025: Әуе шабуылдары арасындағы өмір" фотосуреттер сериясы "Басты жаңалықтар. Фотосуреттер сериясы" аталымында бас жүлде алды
© Photo : Абдул Кадер Аль-Бай
"2024 жылы қыркүйек айында Ливан Израильдің әуе шабуылына ұшырады. Сол кезде көптеген адам өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Бұл фотосуреттер Ливанның әртүрлі аймақтарында түсірілген. Олар соққыдан кейінгі алғашқы секундтарда және құтқару жұмыстары кезінде не болғанын, қарапайым адамдардың қайғы-қасіреті мен қалай аман қалуға тырысатынын көрсетіп отыр", - дейді әл-Бай.
Гран-при иегерімен қатар алты номинация бойынша жеңімпаздар жарияланды.
"Басты жаңалықтар. Жалғыз фотосурет" аталымында Бангладеш фотошебері Аль Музтаба Росулдың (S. M. Al Muztaba Rosul) туындысы үздік деп танылды. "Шатыр — аспан, күлден жасалған еден" фотосуреті өрт кезінде баспанадан айырылған адамдар, рухтың күші, өзара қолдау мен қамқоршылықтың маңыздылығын көрсетеді.
Ресейлің фотограф Сергей Бобылевтің "Соғыс жаңғырығы" фотосуреттер сериясы да жеңімпаздар қатарынан көрінді. Ол Ресей армиясының Суджи қаласын және Курск облысының бірқатар елді мекендерін Украинаның қарулы күштерінен босату операцияларын көрсеткен.
"Спорт. Жалғыз фотосурет" аталымында тағы бір ресейлік фотограф Евгений Филиппов топ жарды. Оның "Соңғы кезең" фотосуретінде "Кремль кубогы" бүкілресейлік суға секіру жарыстарының финалы алдындағы спортшылардың дене қыздыру сәті бейнеленген.

Евгений Филипповтың "Соңғы кезең" фотосуреті
© Photo : Евгений Филиппов
Байқауға қатысушылар арасында ең танымал "Менің ғаламшарым" аталымында Бангладештен келген Солейман Хоссейннің "Құмды бұраңдағы өмір" суреті бірінші орын иеленді. Фотосуретте фермерлердің өзендегі су деңгейінің өзгеруіне қалай бейімделетінін шебер көрсетілген.

Солейман Хоссейннің "Құмды бұраңдағы өмір" суреті
© Photo : Солейман Хоссей
Ал осы аталымда ресейлік Алиса Северная үздік фотосуреттер сериясының авторы атанды. "Біз осында тұрамыз" сериясынан қираған елді мекендердегі адамдардың өмірін көруге болады. Олар қиындықтарға қарамастан, өз үйлерін тастағысы келмейді.
"Портрет. Біздің заманымыздың батыры" аталымында Үндістан мен Ресей фотожурналистері жүлделі орындарға ие болды.
Үндістандық Арпан Басу Чаудхури (Arpan Basu Chowdhury) өз суретін "Сенімнің жанары" деп атады. Тәждегі шамдардың шағылысуы және ұшқындардың айналуы арқылы фотограф уақыттың өзі Махадевтің алдында иіліп тұрғандай сезімді жеткізеді.
Ал ресейлік фотожурналист Мария Семенова "Түнектегі тәтті армандар" сериясында ауған әйелдерінің гендерлік кемсітушілік пен олардың құқықтарын жүйелі түрде бұзу жағдайындағы өмірін көрсетуге тырысқан.
"Жоғарыдан көрініс. Жалғыз фотосурет" аталымында қазылар алқасының арнайы сыйлығын Бангладештің тағы бір өкілі – фотограф Мұхаммед Амдад Хоссейн алды. Ол "Өзен үстіндегі жұма намазы" суретін ұсынған.
"Өмір энергиясы" арнайы аталымында қазылар алқасы Павел Волковқа "Реквием" сериясы үшін марапаттады. Фотограф соғыс қимылдарынан кейін өз қалаларында қалған және үмітін үзбеген адамдар туралы баяндайды.
Марапттау рәсімі үздік туындылардың көрме турын бастайды. Барлық фотсуретті 10 қарашаға дейін Мәскеу мұражайынан көруге болады.
Байқау туралы
Халықаралық фотожурналистика байқауы 2014 жылдың жазында Донецк маңында қаза тапқан "Россия сегодня" медиатобының арнайы фототілшісі Андрей Стениннің есімімен аталады.
2014 жылы желтоқсанда "Россия сегодня" халықаралық медиатобы жас фотожурналистерге арналған халықаралық байқау жариялады. 2026 жылы байқау он екінші рет өткізіліп отыр.

"Россия сегодня" медиатобының арнайы фототілшісі Андрей Стенин
© Sputnik / РИА Новости






