https://sputnik.kz/20261021/almatydan-pavlodarga-ushqan-flyarystan-ushagy-keri-qaytty-67795882.html
Алматыдан Павлодарға ұшқан FlyArystan ұшағы кері қайтты
Алматыдан Павлодарға ұшқан FlyArystan ұшағы кері қайтты
Sputnik Қазақстан
Бұған Павлодар әуежайында әуе кемесін мұз басуға қарсы өңдеу мүмкіндігінің болмауы себеп болған 21.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-21T09:40+0500
2026-10-21T09:40+0500
2026-10-21T09:44+0500
ұшақ
алматы
мұз
https://sputnik.kz/img/07e5/07/0a/17571859_0:0:3154:1774_1920x0_80_0_0_da35f182663dcbde2f0fdb205a7932e8.jpg
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Алматыдан Павлодарға бағыт алған FlyArystan әуе компаниясының FS-7131 рейсі ұшып шыққан әуежайға кері оралды, ал Павлодардан Алматыға ұшуға тиіс FS-7132 рейсі тоқтатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Әуе компаниясының хабарлауынша, бұған Павлодар әуежайында әуе кемесін мұз басуға қарсы өңдеу мүмкіндігінің болмауы себеп болған.Ұшақты мұз басуға қарсы өңдеу не үшін қажетЖауын-шашын кезінде және ауа температурасы нөл градусқа жақындағанда ұшақтың бетінде мұз, қырау немесе қар жиналуы мүмкін. Бұл қанаттардың аэродинамикалық қасиеттеріне кері әсер етіп, ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.Арнайы сұйықтықпен өңдеу ұшақтың бетіндегі мұз бен қарды кетіруге және олардың қайта пайда болуының алдын алуға көмектеседі. Сондықтан ауа райы қолайсыз болған жағдайда мұндай өңдеу ұшу қауіпсіздігінің маңызды талаптарының бірі саналады.Жолаушыларға қандай мүмкіндік беріледіFlyArystan жолаушыларға бос орындар болған жағдайда билеттерін ең жақын рейске бір рет тегін қайта рәсімдеуге немесе билет құнын толық қайтарып алуға мүмкіндік береді.Әуе компаниясының мобильді қосымшасы немесе flyarystan.com сайты арқылы билет сатып алған жолаушылар оны "Менің сапарларым" немесе "Брондау және брондауды өзгерту" бөлімдері арқылы өз бетінше қайта рәсімдейді не билетті қайтара алады.
https://sputnik.kz/20261019/qazaqstan-aspanynda-ushyp-bara-zhatqan-ushaq-apattyq-sigal-berdi-67716703.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/07/0a/17571859_423:0:3154:2048_1920x0_80_0_0_5aff5e5c9378ff2cbf3a663252796756.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұшақ, алматы, мұз
Алматыдан Павлодарға ұшқан FlyArystan ұшағы кері қайтты
09:40 21.10.2026 (жаңартылды: 09:44 21.10.2026) Бұған Павлодар әуежайында әуе кемесін мұз басуға қарсы өңдеу мүмкіндігінің болмауы себеп болған
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Алматыдан Павлодарға бағыт алған FlyArystan әуе компаниясының FS-7131 рейсі ұшып шыққан әуежайға кері оралды, ал Павлодардан Алматыға ұшуға тиіс FS-7132 рейсі тоқтатылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Әуе компаниясының хабарлауынша, бұған Павлодар әуежайында әуе кемесін мұз басуға қарсы өңдеу мүмкіндігінің болмауы себеп болған.
"Ұшу барысында Павлодарда ауа райының нашарлап, жауын-шашын болжануына байланысты ұшақты арнайы өңдеуден өткізу қажеттілігі туындаған. Алайда әуежайда мұндай мүмкіндік болмағандықтан, қауіпсіздік талаптарын сақтау мақсатында әуе кемесін Алматыға қайтару туралы шешім қабылданған", - деп жазылған хабарламада.
Ұшақты мұз басуға қарсы өңдеу не үшін қажет
Жауын-шашын кезінде және ауа температурасы нөл градусқа жақындағанда ұшақтың бетінде мұз, қырау немесе қар жиналуы мүмкін. Бұл қанаттардың аэродинамикалық қасиеттеріне кері әсер етіп, ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.
Арнайы сұйықтықпен өңдеу ұшақтың бетіндегі мұз бен қарды кетіруге және олардың қайта пайда болуының алдын алуға көмектеседі. Сондықтан ауа райы қолайсыз болған жағдайда мұндай өңдеу ұшу қауіпсіздігінің маңызды талаптарының бірі саналады.
Жолаушыларға қандай мүмкіндік беріледі
FlyArystan жолаушыларға бос орындар болған жағдайда билеттерін ең жақын рейске бір рет тегін қайта рәсімдеуге немесе билет құнын толық қайтарып алуға мүмкіндік береді.
Әуе компаниясының мобильді қосымшасы немесе flyarystan.com сайты арқылы билет сатып алған жолаушылар оны "Менің сапарларым" немесе "Брондау және брондауды өзгерту" бөлімдері арқылы өз бетінше қайта рәсімдейді не билетті қайтара алады.