Жұманғарин Ленинград облысының губернаторымен өнеркәсіптегі жаңа жобаларды талқылады

© Photo : Пресс-служба Министерства национальной экономики РКЖұманғарин Ленинград облысының губернаторымен өнеркәсіптегі жаңа жобаларды талқылады
Жұманғарин Ленинград облысының губернаторымен өнеркәсіптегі жаңа жобаларды талқылады - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.10.2026
Жазылу
Серік Жұманғарин келісімдерден нақты жобаларға көшудің маңыздылығын атап өтіп, кәсіпорындар арасындағы тікелей байланыстарды жандандыруды ұсынды
АСТАНА, 20 қазан – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Ресейдің Ленинград облысының губернаторы Александр Дрозденкомен кездесті, деп хабарлады үкімет.
© Photo : Пресс-служба Министерства национальной экономики РКСерік Жұманғарин Ленинград облысының губернаторымен өнеркәсіптегі жаңа жобаларды талқылады
Серик Жумангарин обсудил с губернатором Ленинградской области новые проекты в промышленности и АПК - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.10.2026
Серік Жұманғарин Ленинград облысының губернаторымен өнеркәсіптегі жаңа жобаларды талқылады
Биылғы 8 айда Қазақстанның Ленинград облысымен тауар айналымы 2,5%-ға өсіп, $257,9 млн болған.
"Біздің міндетіміз – өзара сауданы кеңейту, бірлескен өндірістерді дамыту және екі тарапқа да нақты пайда әкелетін бастамаларды жүзеге асыру үшін жағдай жасау", - деп атап өтті Қазақстан премьер-министрдің орынбасары.
Тараптар агроөнеркәсіп кешенінін келешегі зор бағыттардың бірі ретінде атап көрсетті.
"Қазақстан сүт бағытындағы мал шаруашылығы, селекция, азық-түлік өндірісі және ауыл шаруашылығы өнімін өңдеуде бірлескен жобаларды дамытуға мүдделі. Ленинград облысының осы бағыттардағы тәжірибесі кооперацияны кеңейту және шикізатты қайта өңдеу көлемін арттыру үшін негіз бола алады", - деп жазылған хабарламада.
Өнеркәсіп кооперациясына және өндірістерді локализациялауға ерекше назар аударылды.
© Photo : Пресс-служба Министерства национальной экономики РКСерік Жұманғарин Ленинград облысының губернаторымен өнеркәсіптегі жаңа жобаларды талқылады
Серик Жумангарин обсудил с губернатором Ленинградской области новые проекты в промышленности и АПК - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.10.2026
Серік Жұманғарин Ленинград облысының губернаторымен өнеркәсіптегі жаңа жобаларды талқылады
"Машина жасау, химия өнеркәсібінде, жабдық пен құрылыс материалын өндіруде бірлескен жобалардың әлеуеті зор. Сондай-ақ Жамбыл облысында минералды тыңайтқыштар өндіру үшін шикізат жеткізу және заманауи органикалық тыңайтқыштар шығару жобасы талқыланды", - делінген үкімет хабарламасында.
Көлік логистикасы маңызды тақырыптардың біріне айналды. Александр Дрозденко аймақтың Ленинград облысының порттары арқылы қазақстандық жүктерді тасымалдауға арналған ұзақмерзімді келісімшарттарға мүдделі екенін атап өтті. Тараптар сондай-ақ теміржол транзиті мәселелерін және жүк тасымалының тұрақтылығын арттыру қажеттігін талқылады.
© Photo : Пресс-служба Министерства национальной экономики РКСерік Жұманғарин Ленинград облысының губернаторымен өнеркәсіптегі жаңа жобаларды талқылады
Серик Жумангарин обсудил с губернатором Ленинградской области новые проекты в промышленности и АПК - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.10.2026
Серік Жұманғарин Ленинград облысының губернаторымен өнеркәсіптегі жаңа жобаларды талқылады
Бұдан басқа, атом саласындағы ынтымақтастық перспективалары, оның ішінде салалық мамандар даярлау мәселесі қарастырылды.
Жаңалықтар
0