Жанармайға салынатын қосымша акциз үлесін 95%-дан 50%-ға дейін төмендету жоспарланған

© Sputnik / Тимур БатыршинЖанармайға салынатын қосымша акциз үлесін 95%-дан 50%-ға дейін төмендету жоспарланған
Жанармайға салынатын қосымша акциз үлесін 95%-дан 50%-ға дейін төмендету жоспарланған - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.10.2026
Жазылу
Жаңа тәртіп 2027 жылдың қаңтарынан бастап күшіне енеді
АСТАНА, 20 қазан – Sputnik. Ұлттық экономика министрлігі "Ашық нормативтік құқықтық актілер" ("Ашық НҚА") порталында жаңа қаулы жобасын жариялады.
Құжатқа сәйкес, 2027 жылдың қаңтарынан бастап республикада бензин мен дизель отынына салынатын қосымша акциз мөлшерлемесін 95%-дан 50%-ға дейін төмендету жоспарланып отыр.

"Ұсыныс жобасы мұнай өнімдерінің көтерме бағасы өскен кезде қолданылатын өзгермелі қосымша акциз салығының үлесін 95%-дан 50%-ға дейін азайтуды көздейді. Іс жүзінде бұл 2026 жылдың 1 қыркүйегіне дейін қолданыста болған тетікке қайта оралуды білдіреді", — делінген құжатта.

Ведомствоның айтуынша, бұл ұсыныс мұнай өндіруші компаниялардың экономикалық көрсеткіштерін жақсарту, сондай-ақ осы саладағы кәсіпорындарды дамыту және жаңғырту үшін инвестициялық мүмкіндіктерді кеңейту мақсатында әзірленген.
Жанармай құю станциясы - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2026
Көлік жүргізушілері бензин сапасына шағымданды – бірнеше жерден сынама алынды
Жаңалықтар
0