https://sputnik.kz/20261020/uy-sharuashylyqtary-et-sut-zhane-zhumyrtqa-satudan-qansha-tabys-tapty-67703365.html
Үй шаруашылықтары ет, сүт және жұмыртқа сатудан қанша табыс тапты
Үй шаруашылықтары ет, сүт және жұмыртқа сатудан қанша табыс тапты
Sputnik Қазақстан
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында мал шаруашылығы өнімдерін сатудан түскен табыс 9,7%-ға азайып, мал ұстауға жұмсалған шығын 12,9%-ға өсті 20.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-20T08:00+0500
2026-10-20T08:00+0500
2026-10-20T08:00+0500
мал шаруашылығы
https://sputnik.kz/img/1223/80/12238070_0:301:2852:1905_1920x0_80_0_0_b533adb40d74de8403554af2bf6b2beb.jpg
АСТАНА, 20 қазан – Sputnik. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстандағы үй шаруашылықтары мал шаруашылығы өнімдерін сатудан 51,9 млрд теңге табыс тапты, деп жазды Energyprom.kz.Бұл 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9,7%-ға аз. Сонымен қатар мал ұстауға жұмсалған шығын 12,9%-ға өсіп, 51,6 млрд теңгеге жетті.Ет сатылымы төмендедіҚаңтар-маусым айларында сиыр етін сату 32,9%-ға азайып, 4,2 мың тоннаны құрады. Шошқа етінің сатылымы 27,3%-ға, құс еті 51%-ға төмендеді.Ал жылқы етін сату 12,1%-ға өсіп, 1,5 мың тоннаға, қой еті 7%-ға артып, 780,5 тоннаға жетті.Жаңа сауылған сүт сатылымы 4,7%-ға өсіп, 114,8 млн литрді құрады. Жүн мен түбіт сату 45,9%-ға артып, 4,8 мың тоннаға жетті. Ал жұмыртқа сатылымы 24,9%-ға төмендеп, 25,4 млн дананы құрады.Мал ұстау шығыны арттыҮй шаруашылықтарының мал ұстауға жұмсаған қаражаты 51,6 млрд теңгеге жетті. Оның 43,8 млрд теңгесі жемшөп сатып алуға жұмсалған. Жемшөп шығыны бір жылда 14%-ға өсті. Ветеринариялық қызметтерге кететін шығын 53,1%-ға артып, 1,8 млрд теңгені құрады.Ең көп табыс сүт пен сиыр етінен түстіСүт сатудан түскен табыс 16,6 млрд теңгені, сиыр етінен түскен табыс 14,2 млрд теңгені құрады. Екі өнімнен түскен кіріс жалпы табыстың шамамен 59%-ына тең.Сонымен бірге жүн мен түбіт сатудан түскен табыс 47,4%-ға өсіп, 6,3 млрд теңгеге жетті. Жылқы етінен түскен табыс 5 млрд теңгені, қой етінен түскен табыс 2,6 млрд теңгені құрады.Соңғы бес жылда үй шаруашылықтарының мал шаруашылығы өнімдерін сатудан түскен табысы 25,9%-ға азайған.Айта кетері, үй шаруашылықтары малды тек сату үшін емес, өз қажетіне де ұстайды. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында өндірілген қой етінің 77,2%-ы отбасылардың өз тұтынуына жұмсалған.
https://sputnik.kz/20261004/qazaqstanda-asyl-tuqymdy-mal-basy-tolyqtyrylyp-zhatyr-67291607.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1223/80/12238070_0:0:2732:2048_1920x0_80_0_0_a51dff18857025bae70dd0c5130ae09d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мал шаруашылығы
Үй шаруашылықтары ет, сүт және жұмыртқа сатудан қанша табыс тапты
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында мал шаруашылығы өнімдерін сатудан түскен табыс 9,7%-ға азайып, мал ұстауға жұмсалған шығын 12,9%-ға өсті
АСТАНА, 20 қазан – Sputnik. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстандағы үй шаруашылықтары мал шаруашылығы өнімдерін сатудан 51,9 млрд теңге табыс тапты, деп жазды
Energyprom.kz. Бұл 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9,7%-ға аз. Сонымен қатар мал ұстауға жұмсалған шығын 12,9%-ға өсіп, 51,6 млрд теңгеге жетті.
Қаңтар-маусым айларында сиыр етін сату 32,9%-ға азайып, 4,2 мың тоннаны құрады. Шошқа етінің сатылымы 27,3%-ға, құс еті 51%-ға төмендеді.
Ал жылқы етін сату 12,1%-ға өсіп, 1,5 мың тоннаға, қой еті 7%-ға артып, 780,5 тоннаға жетті.
Жаңа сауылған сүт сатылымы 4,7%-ға өсіп, 114,8 млн литрді құрады. Жүн мен түбіт сату 45,9%-ға артып, 4,8 мың тоннаға жетті. Ал жұмыртқа сатылымы 24,9%-ға төмендеп, 25,4 млн дананы құрады.
Үй шаруашылықтарының мал ұстауға жұмсаған қаражаты 51,6 млрд теңгеге жетті. Оның 43,8 млрд теңгесі жемшөп сатып алуға жұмсалған. Жемшөп шығыны бір жылда 14%-ға өсті. Ветеринариялық қызметтерге кететін шығын 53,1%-ға артып, 1,8 млрд теңгені құрады.
Ең көп табыс сүт пен сиыр етінен түсті
Сүт сатудан түскен табыс 16,6 млрд теңгені, сиыр етінен түскен табыс 14,2 млрд теңгені құрады. Екі өнімнен түскен кіріс жалпы табыстың шамамен 59%-ына тең.
Сонымен бірге жүн мен түбіт сатудан түскен табыс 47,4%-ға өсіп, 6,3 млрд теңгеге жетті. Жылқы етінен түскен табыс 5 млрд теңгені, қой етінен түскен табыс 2,6 млрд теңгені құрады.
Соңғы бес жылда үй шаруашылықтарының мал шаруашылығы өнімдерін сатудан түскен табысы 25,9%-ға азайған.
Айта кетері, үй шаруашылықтары малды тек сату үшін емес, өз қажетіне де ұстайды. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында өндірілген қой етінің 77,2%-ы отбасылардың өз тұтынуына жұмсалған.