https://sputnik.kz/20261020/uitkoff-ukraina-zhane-eo-okilderimen-kezdesken-son-maskeuge-barady-67758627.html
Уиткофф Украина және ЕО өкілдерімен кездескен соң Мәскеуге барады
Уиткофф Украина және ЕО өкілдерімен кездескен соң Мәскеуге барады
Sputnik Қазақстан
Ол Путинмен кездесіп, Украина және еуропалық серіктестермен тығыз кеңесе отырып әзірленген ұсыныстарды таныстырмақ 20.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-20T15:00+0500
2026-10-20T15:00+0500
2026-10-20T15:00+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/06/58517203_0:80:1451:896_1920x0_80_0_0_01cf03884e6859a551691a85e68c3ed2.jpg
АСТАНА, 20 қазан – Sputnik. АҚШ президентінің арнайы өкілі Стивен Уиткофф Ослода Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездескеннен кейін Мәскеуге барып, Ресей президенті Владимир Путинге келіссөз барысында әзірленген ұсыныстарды жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Axios порталының журналисі Барак Равид мәлімдеді.Равидтің мәліметінше, Уиткофф бүгін Ослода Зеленскиймен кездеседі. Келіссөздерге Еуропалық одақ, НАТО, Е4 елдерінің өкілдері және Норвегия премьер-министрі Йонас Гар Стере де қатысады. Ал АҚШ президентінің күйеу баласы Джаред Кушнер сырқатына байланысты жиынға онлайн қатысады.Өткен аптаның басында Axios америкалық өкілдердің Ресейге сапарын Киевпен және Еуропа елдерімен Украинаның жаңа бейбіт келісім нұсқасын келісу үшін кейінге қалдырғанын хабарлаған еді.The New York Times басылымының болжамынша, сапар Дональд Трамп пен Владимир Зеленский арасындағы қарым-қатынас жақсарғанға дейін кейінге шегерілген.
https://sputnik.kz/20261020/merts-trampty-ukrainaga-qoldau-korsetuge-kondiruge-tyrysyp-zhatqanyn-aytty-67750921.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/06/58517203_0:0:1263:947_1920x0_80_0_0_8ea36876e365c0ecff9914ea0474aaca.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Уиткофф Украина және ЕО өкілдерімен кездескен соң Мәскеуге барады
Ол Путинмен кездесіп, Украина және еуропалық серіктестермен тығыз кеңесе отырып әзірленген ұсыныстарды таныстырмақ
АСТАНА, 20 қазан – Sputnik. АҚШ президентінің арнайы өкілі Стивен Уиткофф Ослода Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездескеннен кейін Мәскеуге барып, Ресей президенті Владимир Путинге келіссөз барысында әзірленген ұсыныстарды жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Axios порталының журналисі Барак Равид мәлімдеді.
"Ослодан кейін Уиткофф Ресейге баруды жоспарлап отыр. Ол президент Путинмен кездесіп, Украина және еуропалық серіктестермен тығыз кеңесе отырып әзірленген ұсыныстарды таныстырмақ", – деп жазды журналист X әлеуметтік желісінде.
Равидтің мәліметінше, Уиткофф бүгін Ослода Зеленскиймен кездеседі. Келіссөздерге Еуропалық одақ, НАТО, Е4 елдерінің өкілдері және Норвегия премьер-министрі Йонас Гар Стере де қатысады. Ал АҚШ президентінің күйеу баласы Джаред Кушнер сырқатына байланысты жиынға онлайн қатысады.
Өткен аптаның басында Axios америкалық өкілдердің Ресейге сапарын Киевпен және Еуропа елдерімен Украинаның жаңа бейбіт келісім нұсқасын келісу үшін кейінге қалдырғанын хабарлаған еді.
The New York Times басылымының болжамынша, сапар Дональд Трамп пен Владимир Зеленский арасындағы қарым-қатынас жақсарғанға дейін кейінге шегерілген.