Тоқаев Ақтоғай мыс балқыту зауытының құрылысын бастау рәсіміне қатысты
17:54 20.10.2026 (жаңартылды: 18:06 20.10.2026)
Жазылу
Зауыт іске қосылған соң Қазақстан жоғары сапалы тазартылған мыс өндіретін 10 жетекші елдің қатарына енеді
АСТАНА, 20 қазан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев телекөпір режимінде Ақтоғай мыс балқыту зауытының құрылысын бастау рәсіміне қатысты.

Тоқаев Ақтоғай мыс балқыту зауытының құрылысын бастау рәсіміне қатысты
Президент салтанатты рәсімде сөз сөйлеп, Абай облысындағы Ақтоғай кен орнында салынатын мыс балқыту зауытын тұтас ел экономикасының өркендеуіне тың серпін беретін аса маңызды жобаның бірі деп атады.
"Тау-кен металлургиясы мемлекетіміз үшін стратегиялық маңызы зор сала екені белгілі. Мен былтыр халыққа Жолдауымда осы мәселеге арнайы тоқталдым, нақты міндеттерді айқындадым. Сондықтан жаңа зауыттың құрылысын осы бағытта істеліп жатқан белсенді жұмыстың нәтижесі деп айтуға болады, – деді Тоқаев.

Тоқаев Ақтоғай мыс балқыту зауытының құрылысын бастау рәсіміне қатысты
Президент Қазақстанның көптеген пайдалы қазбаларға ие мемлекет ретінде осы табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға барлық күш-жігерін салып жатқанына назар аударды.
Елімізде 9,5 мыңнан астам кен орны бар. Қазақстанда жылына шамамен 160 миллион тонна кен өндіріледі. 3,5 миллион тоннаға жуық мыс концентраты шығарылады.
Елімізде 9,5 мыңнан астам кен орны бар. Қазақстанда жылына шамамен 160 миллион тонна кен өндіріледі. 3,5 миллион тоннаға жуық мыс концентраты шығарылады.

Тоқаев Ақтоғай мыс балқыту зауытының құрылысын бастау рәсіміне қатысты
"Бұл – ел экономикасына серпін беретін маңызды оқиға. Жаңа кәсіпорын жылына 300 мың катодты мыс шығарады. Бұл ішкі нарықтың сұранысын толық қамтамасыз етуге жетеді. Осы зауыт іске қосылған соң Қазақстан жоғары сапалы тазартылған мыс өндіретін жетекші елдердің ондығына кіре алады. Бұдан бөлек, аталған кәсіпорында алтын және күкірт қышқылы өндірілмек. Бір сөзбен, бұл ауқымды жоба отандық металлургия саласының дамуына қомақты үлес қосатыны сөзсіз", – деді Тоқаев.
Президент кәсіпорын акционерлерінің алдында өте маңызды міндеттер тұрғанын айтты.
Айтуынша, әсіресе, жұмысшылардың заңды әлеуметтік қажеттіліктерін қамтамасыз ету қажет.

Тоқаев Ақтоғай мыс балқыту зауытының құрылысын бастау рәсіміне қатысты
"Халық үніне құлақ асатын мемлекеттің" басты мәні де – осы. Үкімет, жергілікті билік өкілдері еңбек ұжымдарымен тығыз байланыс орнатып, белсенді жұмыс істеуі керек. Бұл жұмыс "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасына сәйкес жүргізілуге тиіс, – деді Тоқаев.
Кәсіпорында кен байытудан бастап одан дайын металл шығаруға дейінгі толық өндірістік цикл қарастырылған. Кешен өзінің кен орнынан алған мыс концентратын өңдейді. Бұл шикізат көзін ғана қамтамасыз етіп қоймай, Қазақстанда шығарылатын өнімнің қосылған құнын арттыруға мүмкіндік береді.

Тоқаев Ақтоғай мыс балқыту зауытының құрылысын бастау рәсіміне қатысты
Жобаны KAZ Minerals тобы жүзеге асырады, ал қытайлық NFC компаниясы – инженерлік серіктес. Бастамаға шамамен 1,8 миллиард доллар инвестиция салынады, сондай-ақ оның аясында 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады.
2030 жылы алғашқы мыс катодын алу жоспарланып отыр. Зауытта мыстан бөлек, алтын, күміс және басқа да ілеспе өнімдер шығарылады.
2030 жылы алғашқы мыс катодын алу жоспарланып отыр. Зауытта мыстан бөлек, алтын, күміс және басқа да ілеспе өнімдер шығарылады.

