https://sputnik.kz/20261020/tarazda-qatarlasynyn-kozin-shygargan-oqushy-sottaldy-67756159.html
Таразда қатарласының көзін шығарған оқушы сотталды
Таразда қатарласының көзін шығарған оқушы сотталды
Sputnik Қазақстан
Соққы салдарынан жәбірленушінің көзі ауыр жарақаттанып, көру қабілетінен толық айырылған 20.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-20T10:53+0500
2026-10-20T10:53+0500
2026-10-20T10:53+0500
тараз
төбелес
сот үкімі
https://sputnik.kz/img/878/08/8780845_42:0:1100:595_1920x0_80_0_0_b6e314f20651fbdc34e252e06ec51848.jpg
АЛМАТЫ, 20 қазан – Sputnik. Таразда қатарласын ұрып, бір көзін шығарған оқушыға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Жамбыл облысының соты.Жасөспірімге аса қатыгездікпен денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірді деген айып тағылған. Іс Қылмыстық кодекстің 106-бабы 2-бөлігінің 4) және 11) тармақтары бойынша қаралды.Оқиға мектепте болған. Сот мәліметінше, Тараз қаласындағы мектеп-гимназияның 10-сынып оқушысы жәбірленушімен иық тірестіріп қалған. Кейін жәбірленуші сыныптасымен бірге сотталушыға келіп, осы жағдайға байланысты наразылығын білдірген. Артынша олар спортзалдың ерлер киім ауыстыратын бөлмесіне кіріп, араларында жанжал туындаған.Жанжал кезінде сотталушы жәбірленушінің сол жақ көзіне оң қолының жұдырығымен әдейі соққы жасаған. Соққы салдарынан жәбірленушінің көзі ауыр жарақаттанып, көру қабілетінен толық айырылған.Сот үкімімен жасөспірім 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.
https://sputnik.kz/20261006/zhambyl-oblysynda-tobeles-kezinde-oqushy-koz-zhumdy-67342004.html
тараз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/878/08/8780845_248:0:1041:595_1920x0_80_0_0_1140501ab4d76e5b56fa475137a5e0a6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тараз, төбелес, сот үкімі
тараз, төбелес, сот үкімі
Таразда қатарласының көзін шығарған оқушы сотталды
Соққы салдарынан жәбірленушінің көзі ауыр жарақаттанып, көру қабілетінен толық айырылған
АЛМАТЫ, 20 қазан – Sputnik. Таразда қатарласын ұрып, бір көзін шығарған оқушыға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Жамбыл облысының соты.
Жасөспірімге аса қатыгездікпен денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірді деген айып тағылған. Іс Қылмыстық кодекстің 106-бабы 2-бөлігінің 4) және 11) тармақтары бойынша қаралды.
Оқиға мектепте болған. Сот мәліметінше, Тараз қаласындағы мектеп-гимназияның 10-сынып оқушысы жәбірленушімен иық тірестіріп қалған. Кейін жәбірленуші сыныптасымен бірге сотталушыға келіп, осы жағдайға байланысты наразылығын білдірген. Артынша олар спортзалдың ерлер киім ауыстыратын бөлмесіне кіріп, араларында жанжал туындаған.
Жанжал кезінде сотталушы жәбірленушінің сол жақ көзіне оң қолының жұдырығымен әдейі соққы жасаған. Соққы салдарынан жәбірленушінің көзі ауыр жарақаттанып, көру қабілетінен толық айырылған.
Сот үкімімен жасөспірім 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.