https://sputnik.kz/20261019/zhuyeli-turde-uryp-soqqan-ayagozde-erekshe-balalardy-kutushi-sanitarlar-kudikke-ilindi-67731617.html
Жүйелі түрде ұрып-соққан: Аягөзде ерекше балаларды күтуші санитарлар күдікке ілінді
Жүйелі түрде ұрып-соққан: Аягөзде ерекше балаларды күтуші санитарлар күдікке ілінді
Sputnik Қазақстан
Олар балалардың дәрменсіз күйін пайдаланып, жүйелі түрде физикалық және психологиялық зорлық-зомбылық көрсеткен 19.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-19T17:31+0500
2026-10-19T17:31+0500
2026-10-19T17:31+0500
видео
аягөз
мүмкіндігі шектеулі тұлғалар
ұрып-соғу
https://sputnik.kz/img/878/08/8780845_42:0:1100:595_1920x0_80_0_0_b6e314f20651fbdc34e252e06ec51848.jpg
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Аягөз ауданының Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында ерекше күтімді қажет ететін балаларды ұрып соғу фактілері анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Облыстық прокуратура таратқан ақпаратқа сәйкес, санитарлар балалардың дәрменсіз күйін пайдаланып, оларға жүйелі түрде физикалық және психологиялық зорлық-зомбылық көрсеткен. Қазіргі кезде 100-ден астам факті анықталып отыр. Ал мекеменің кейбір қызметкерлері бәрін көрсе де, ешқандай шара қолданбаған.Қазіргі кезде Қылмыстық кодексінің 140-бабының 3-бөлігі (кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау, екі және одан көп адамға қатысты жасалған әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Балалардың құқықтарын қорғау мақсатында Абай облысының прокуратурасы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында тексерулер бастады.Айта кетері, осы әрекет үшін үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыруы да мүмкін.
https://sputnik.kz/20250423/ulytau-oblysynda-balany-urgan-balabaqsha-tarbieshisi-sottaldy-52758335.html
аягөз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/878/08/8780845_248:0:1041:595_1920x0_80_0_0_1140501ab4d76e5b56fa475137a5e0a6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
аягөз, мүмкіндігі шектеулі тұлғалар, ұрып-соғу
аягөз, мүмкіндігі шектеулі тұлғалар, ұрып-соғу
Жүйелі түрде ұрып-соққан: Аягөзде ерекше балаларды күтуші санитарлар күдікке ілінді
Олар балалардың дәрменсіз күйін пайдаланып, жүйелі түрде физикалық және психологиялық зорлық-зомбылық көрсеткен
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Аягөз ауданының Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында ерекше күтімді қажет ететін балаларды ұрып соғу фактілері анықталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Облыстық прокуратура таратқан ақпаратқа сәйкес, санитарлар балалардың дәрменсіз күйін пайдаланып, оларға жүйелі түрде физикалық және психологиялық зорлық-зомбылық көрсеткен.
Қазіргі кезде 100-ден астам факті анықталып отыр. Ал мекеменің кейбір қызметкерлері бәрін көрсе де, ешқандай шара қолданбаған.
"Тәрбиеленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қатысы бар кінәлі тұлғалар қызметтік міндеттерін атқарудан шеттетіліп, балалармен қарым-қатынас жасауы шектелді", - дейді прокурорлар.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодексінің 140-бабының 3-бөлігі (кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау, екі және одан көп адамға қатысты жасалған әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Балалардың құқықтарын қорғау мақсатында Абай облысының прокуратурасы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында тексерулер бастады.
Айта кетері, осы әрекет үшін үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыруы да мүмкін.