https://sputnik.kz/20261019/toqaevqa-qaruly-kushterdin-qazirgi-qyzmeti-men-zhauyngerlik-azirligi-bayandaldy-67730560.html
Тоқаевқа Қарулы күштердің қазіргі қызметі мен жауынгерлік әзірлігі баяндалды
Тоқаевқа Қарулы күштердің қазіргі қызметі мен жауынгерлік әзірлігі баяндалды
Sputnik Қазақстан
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрінің орынбасарларын қабылдады 19.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-19T17:12+0500
2026-10-19T17:12+0500
2026-10-19T17:13+0500
қасым-жомарт тоқаев
қазақстанның қарулы күштері
https://sputnik.kz/img/07ea/0a/13/67730417_59:0:2406:1320_1920x0_80_0_0_1ff79efe25981342abe6c216270a45c9.jpg
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы Айтқұрман Омарбеков пен Қорғаныс министрінің орынбасары Татьяна Савельеваны қабылдады.Мемлекет басшысы Қарулы күштердің қазіргі қызметі мен жауынгерлік әзірлігі, әскери даярлық іс-шараларын қаржылай қамтамасыз ету, Қорғаныс министрлігі бюджетінің орындалуы туралы есепті тыңдады. Президентке әскердің ағымдағы қажеттіліктерін қаржыландыру және армияны дамыту бағдарламасы туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ әскери әзірлік міндеттерін ескере отырып қаражатты қайта бөлу, инфрақұрылымды жарақтандыру және бөлімшелердің күнделікті қызметін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Әскерді басқару жүйесін жетілдіру, шешім қабылдау жеделдігін арттыру және сарбаздың маманданған бағытына қарай міндеттерді орындауға дайындығына айрықша мән берілді. Кездесу қорытындысы бойынша Тоқаев Қарулы күштердің сақадай сай болуына және әскери әзірлік сапасына қатысты, сонымен қатар армияның ең басты қажеттіліктерін қаржылық тұрғыдан өтеу және бюджет қаражатын ұтымды пайдалану мәселелері бойынша бірқатар міндет жүктеді.
https://sputnik.kz/20260927/toqaev-10-kun-ishinde-askeri-reforma-zhosparyn-azirleudi-tapsyrdy-67083692.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/0a/13/67730417_353:0:2113:1320_1920x0_80_0_0_d80cc1f867fe19bec8b7c8a57cb0a184.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, қазақстанның қарулы күштері
қасым-жомарт тоқаев, қазақстанның қарулы күштері
Тоқаевқа Қарулы күштердің қазіргі қызметі мен жауынгерлік әзірлігі баяндалды
17:12 19.10.2026 (жаңартылды: 17:13 19.10.2026) Мемлекет басшысы Қорғаныс министрінің орынбасарларын қабылдады
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы Айтқұрман Омарбеков пен Қорғаныс министрінің орынбасары Татьяна Савельеваны қабылдады.
Мемлекет басшысы Қарулы күштердің қазіргі қызметі мен жауынгерлік әзірлігі, әскери даярлық іс-шараларын қаржылай қамтамасыз ету, Қорғаныс министрлігі бюджетінің орындалуы туралы есепті тыңдады.
"Жоғарғы Бас қолбасшыға жауынгерлердің жай-күйі мен әскерді жұмылдыру дайындығы, сондай-ақ ведомство органдарына және сарбаздарға жүктелген міндеттердің орындалуы туралы баяндалды", - деп жазды президенттің баспасөз қызметі.
Президентке әскердің ағымдағы қажеттіліктерін қаржыландыру және армияны дамыту бағдарламасы туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ әскери әзірлік міндеттерін ескере отырып қаражатты қайта бөлу, инфрақұрылымды жарақтандыру және бөлімшелердің күнделікті қызметін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Әскерді басқару жүйесін жетілдіру, шешім қабылдау жеделдігін арттыру және сарбаздың маманданған бағытына қарай міндеттерді орындауға дайындығына айрықша мән берілді.
"Мобилизацияны жоспарлау және әскери резервті дайындау, жоспарланған шығындарды негіздеу, бюджет тәртібін сақтау, бөлінген қаржыны пайдалану тиімділігін арттыру мәселелері, сондай-ақ қаржылық бақылау мен шығыстардың нәтижелілігін бағалау тәсілдері қарастырылды", - делінген хабарламада.
Кездесу қорытындысы бойынша Тоқаев Қарулы күштердің сақадай сай болуына және әскери әзірлік сапасына қатысты, сонымен қатар армияның ең басты қажеттіліктерін қаржылық тұрғыдан өтеу және бюджет қаражатын ұтымды пайдалану мәселелері бойынша бірқатар міндет жүктеді.