Тоқаев семсерлесуден Әлем кубогын жеңген Қазақстан құрамасын құттықтады

© Sputnik / Санат ИмангалиевАкорда
Акорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2026
Жазылу
Қазақстан халықаралық семсерлесу федерациясының рейтингінде алғаш рет бірінші орынға шықты
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Касабланкада өтіп жатқан семсерлесу Әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы атанған Қазақстан құрамасын құттықтады. Бұл туралы Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.
Осы жеңістің нәтижесінде спортшыларымыз Халықаралық семсерлесу федерациясының (FIE) рейтингінде алғаш рет бірінші орынға шықты.
"Қасым-Жомарт Тоқаев спортшылар әлемнің ең айтулы додаларында Қазақстанның көк туын желбірете беруіне тілектес екенін білдірді", - деп жазды Смадияров.
Еске сала кетейік, Қазақстанның ерлер құрамасы семсерлесуден әлем кубогының алтын медалін жеңіп алды.
Командалық жарыста Кирилл Проходов, Вадим Шарлаимов, Александр Федотов пен Кирилл Павлов алдымен Түркияны (45:20), одан кейін Гонконг құрмасын (45:28) айқын басымдықпен жеңген. Ширек финалда мысырлықтарды 45:40 есебімен, ал жартылай финалда Францияны (45:39) тізе бүктірді.
Финалда қазақстандық семсерлесушілер Ресей командасымен кездесті. Қызықты әрі тартысты жекпе-жектер 45:40 есебімен аяқталды.
Қазақстанның ерлер құрамасы семсерлесуден әлем кубогының алтын медалін жеңіп алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2026
Қазақстандық семсерлесушілер әлем кубогының алтын медалін жеңіп алды
Жаңалықтар
0