Қазақстанның шамамен 40% аумағы сейсмикалық қауіпті аймаққа жатады - ТЖМ

© Sputnik / Болат ШайхиновҚазақстанның шамамен 40% аумағы сейсмикалық қауіпті аймаққа жатады - ТЖМ
Қазақстанның шамамен 40% аумағы сейсмикалық қауіпті аймаққа жатады - ТЖМ - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2026
Жазылу
Алматыдағы нысандардың ықтимал жер сілкіністеріне дайындығы тексерілді
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. 2026 жылдың басынан бері Қазақстанда 1000-нан астам жер сілкінісі тіркелген.
Оның сегізі сезілген, олардың күші 2–4 балды құраған. Бұл туралы премьер-министр орынбасары Қанат Бозымбаевтың Алматыға сапары барысында айтылды.
© Комитет предупреждения чрезвычайных ситуацийАлматыдағы нысандардың ықтимал жер сілкіністеріне дайындығы тексерілді
Вице-премьер Казахстана Канат Бозумбаев проверил готовность объектов Алматы к землетрясениям - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2026
Алматыдағы нысандардың ықтимал жер сілкіністеріне дайындығы тексерілді
"Медеу" сейсмологиялық станциясында құтқару қызметінің өкілдері жер сілкінісін бақылауға арналған жабдықтар мен ерте ескерту жүйесін таныстырды.
Сондай-ақ, Қанат Бозымбаев Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығында болды. Бұл мекеме базасында зерттеулер жүргізу, сейсмологиялық деректермен алмасу және ерте ескерту жүйелерін жетілдіру мақсатында бірлескен Қазақ-Қытай орталығын құру жоспарланып отыр.
© Комитет предупреждения чрезвычайных ситуацийАлматыдағы нысандардың ықтимал жер сілкіністеріне дайындығы тексерілді
Вице-премьер Казахстана Канат Бозумбаев проверил готовность объектов Алматы к землетрясениям - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2026
Алматыдағы нысандардың ықтимал жер сілкіністеріне дайындығы тексерілді
Алматы әкімдігінде өткен сейсмикалық қауіпсіздік мәселелеріне арналған жиында Қазақстан аумағының шамамен 40%-ы сейсмикалық қауіпті аймаққа жататыны айтылды.
"Бізге сейсмикалық қауіпті болжаудың заманауи тәсілдері қажет. Бұл жұмысқа цифрлық құралдар белсенді түрде енгізілуі тиіс", – деп атап өтті Қанат Бозымбаев.
© Комитет предупреждения чрезвычайных ситуацийАлматыдағы нысандардың ықтимал жер сілкіністеріне дайындығы тексерілді
Вице-премьер Казахстана Канат Бозумбаев проверил готовность объектов Алматы к землетрясениям - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2026
Алматыдағы нысандардың ықтимал жер сілкіністеріне дайындығы тексерілді
Ол ғимараттардың сейсмикалық төзімділігін қадағалауды күшейту, сейсмикалық белсенді аймақтардағы құрылыстарға бағалау жүргізу және тәуекелдердің цифрлық дерекқорын құру жөнінде тапсырма берді.
Сондай-ақ, тектоникалық жарылымдар бар жерлерде және тау бөктеріндегі аймақтарда құрылыс салуға тыйым салу қажеттігі айтылды.
Премьер-министрдің орынбасары Түркістан және Маңғыстау облыстары, сондай-ақ Тараз қаласы үшін сейсмикалық аудандастыру карталарын әзірлеуді қаржыландыру мәселесін шешуді тапсырды.
Жер сілкінісі - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.06.2026
Алматыда жер сілкінді
Жаңалықтар
0