Қазақстан Балтық теңізі порттары арқылы мұнай мен көмір экспортын арттырмақ

© Sputnik / Сергей Аверин
/ Жазылу
Ленинград облысының губернаторы Балтық теңізі порттары Қазақстан экспорты үшін стратегиялық торапқа айналуы мүмкін екенін айтты
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Ленинград облысының губернаторы Александр Дрозденко Балтық теңізі порттарының қазақстандық экспорт үшін стратегиялық торапқа айналуы мүмкін екенін атап өтті. Қазіргі уақытта Қазақстанның экспорттық және импорттық жүктерінің (соның ішінде көмір мен мұнайдың) шамамен 25%-ы осы порттар арқылы тасымалданады.
"Бұл Қазақстан үшін стратегиялық торап қызметін атқарады, өйткені дәл осы теңіз қақпасы арқылы қазақстандық мұнай, көмір және басқа да тауарлар Еуропаға және әлемнің өзге елдеріне жөнелтілетін болады", — деп атап өтті Дрозденко.

Александр Дрозденко - губернатор Ленинградской области
© Sputnik / Санат Имангалиев
Сонымен қатар, Ленинград облысындағы порттар 2026 жылдың қараша айынан бастап қазақстандық астықты қабылдай бастайды. Губернатордың айтуынша, аймақта Қазақстаннан келетін астықты Высоцк порты арқылы тасымалдау тәжірибесі бар, ал енді бұл жұмысқа Усть-Луга портындағы "Новотранс" терминалы да қосылып отыр.
"Біз қараша, желтоқсан айларынан бастап және одан кейінгі кезеңдерде қазақстандық астықты қабылдауға дайынбыз. Логистикалық мәселелер шешілген, порттың қуаттылығы жеткілікті және бізде қажетті тәжірибе бар", – деді Дрозденко.
Губернатор сондай-ақ Ресей мен Қазақстанның Ленинград облысындағы порттар арқылы көмір тасымалдау көлемін арттыру мәселесін талқылап жатқанын, бұл ретте жүк көлемі 15 миллион тоннадан асатынын хабарлады.

Александр Дрозденко - губернатор Ленинградской области
© Sputnik / Санат Имангалиев
Тараптар теміржол тораптарының өткізу қабілетін арттыру бағытында жұмыс істеуді көздеп отыр. Қазақстандық көмір мен мұнай қазірдің өзінде Ленинград облысындағы Усть-Луга порты арқылы жөнелтілуде, ал негізгі міндет – жүк ауыстырып тиеу көлемін ұлғайту.
"Қазіргі уақытта қазақстандық көмірге санкциялар қолданылмайды. Оны Усть-Луга арқылы алыс және көршілес елдерге еш кедергісіз жөнелтуге болады. Негізгі қиындық теміржол желісіндегі кейбір "тар жерлерге" (өткізу қабілеті шектеулі учаскелерге) байланысты туындап отыр, бұл тасымалданатын көмір көлемін шектейді. Бұл мәселе негізінен мемлекеттік деңгейде шешілуі тиіс болғанымен, біздің аумаққа — Ленинград облысына да қатысы бар. Нақтырақ айтсақ, сөз Вологдадан Санкт-Петербург пен Усть-Луга бағытындағы теміржол желісінің өткізу қабілетін арттыру туралы болып отыр", — деп атап өтті губернатор.

Александр Дрозденко - губернатор Ленинградской области
© Sputnik / Санат Имангалиев
Облыс басшысы көмір тасымалдау көлемін айтарлықтай ұлғайту жоспарланып отырғанын баса айтты.
"Мақсат — 12 немесе тіпті 15 миллион тонна көмір емес, одан әлдеқайда көп көлем. Алдағы бірнеше ай ішінде біз осы мақсатқа қол жеткізу үшін бірлесіп жұмыс істейтін боламыз", — деді Дрозденко.
