https://sputnik.kz/20261019/astanada-ush-bagyt-boyynsha-lrt-qurylysy-zhalgasyp-zhatyr-67737576.html
Астанада үш бағыт бойынша LRT құрылысы жалғасып жатыр
Астанада үш бағыт бойынша LRT құрылысы жалғасып жатыр
Sputnik Қазақстан
Қосшы бағыты бойынша үш станция салынады 19.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-19T19:31+0500
2026-10-19T19:31+0500
2026-10-19T19:31+0500
астана lrt
астана әкімдігі
https://sputnik.kz/img/07ea/05/10/63478023_0:72:1280:792_1920x0_80_0_0_3aa371e03da6ae6eeb39e3d612f75816.jpg
АЛМАТЫ, 19 қазан - Sputnik. Астана әкімі Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік жүйесінің екінші кезеңі туралы айтты, деп хабарлайды қалалық әкімдік. "Tarlan Astana" жеңіл рельсті көлік жүйесі іске қосылғалы бері жолаушылар тасымалының көлемі 11,5 миллионға жуықтады. Құрылыс жұмысы бірнеше бағыт бойынша жүріп жатыр. Қосшы қаласына бағыт Тіректерді, эстакадалық құрылымдар мен станцияларды салу бойынша құрылыс-монтаж жұмысы жүріп жатыр. Қазіргі уақытта 294 тірек (97%) орнатылып, 385 эстакадалық құрылым (73%) монтаждалды. Жыл соңына дейін №401, 402 және 403 станцияларда бетондау жұмысын аяқтау жоспарланып отыр. Бұл бағытта барлығы үш станция салу көзделген. Жағалау шағынауданына бағыт"Жоба аясында сегіз станция салу көзделген. Геологиялық зерттеу жұмысы аяқталды. Қазіргі уақытта қоршаулар орнату, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмысын бастау үшін инженерлік желілерді көшіру және қайта орнату жұмысы жүріп жатыр", - дейді әкім."Астана-1" теміржол вокзалына қарай бағыт Бұл бағытта №201 ауысып міну станциясын есепке алғанда, тоғыз станция салу көзделген. Геологиялық зерттеу жұмысы аяқталды. Сығанақ даңғылының бойында (Қабанбай батыр мен Тұран даңғылдарының арасындағы учаскеде) №201/301 станцияларының ауысып міну торабын салу жұмысы жүріп жатыр. Қазақ радиосы көшесі мен Қабанбай батыр даңғылының арасындағы учаскеде екі тірекке бетон құю жұмысы аяқталды. Сондай-ақ қадалар мен арқалықтарды орнату жұмысы жүріп жатыр. Өзге учаскелерде алдағы құрылыс-монтаж жұмысына дайындық жүргізілуде.
https://sputnik.kz/20260829/tarlan-astana-nyn-auezhay-stantsiyasy-zhabyldy-66207997.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/05/10/63478023_65:0:1216:863_1920x0_80_0_0_05c3c11d3b4d8c1538c966f072897d0e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана lrt, астана әкімдігі
астана lrt, астана әкімдігі
Астанада үш бағыт бойынша LRT құрылысы жалғасып жатыр
Қосшы бағыты бойынша үш станция салынады
АЛМАТЫ, 19 қазан - Sputnik. Астана әкімі Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік жүйесінің екінші кезеңі туралы айтты, деп хабарлайды қалалық әкімдік.
"Tarlan Astana" жеңіл рельсті көлік жүйесі іске қосылғалы бері жолаушылар тасымалының көлемі 11,5 миллионға жуықтады.
"Елорданың көлік инфрақұрылымын ары қарай дамытуға бағытталған жобаның екінші кезеңін іске асыру жұмысын қатар жүргізіп жатырмыз", - дейді Жеңіс Қасымбек.
Құрылыс жұмысы бірнеше бағыт бойынша жүріп жатыр.
Тіректерді, эстакадалық құрылымдар мен станцияларды салу бойынша құрылыс-монтаж жұмысы жүріп жатыр. Қазіргі уақытта 294 тірек (97%) орнатылып, 385 эстакадалық құрылым (73%) монтаждалды. Жыл соңына дейін №401, 402 және 403 станцияларда бетондау жұмысын аяқтау жоспарланып отыр. Бұл бағытта барлығы үш станция салу көзделген.
Жағалау шағынауданына бағыт
"Жоба аясында сегіз станция салу көзделген. Геологиялық зерттеу жұмысы аяқталды. Қазіргі уақытта қоршаулар орнату, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмысын бастау үшін инженерлік желілерді көшіру және қайта орнату жұмысы жүріп жатыр", - дейді әкім.
"Астана-1" теміржол вокзалына қарай бағыт
Бұл бағытта №201 ауысып міну станциясын есепке алғанда, тоғыз станция салу көзделген. Геологиялық зерттеу жұмысы аяқталды. Сығанақ даңғылының бойында (Қабанбай батыр мен Тұран даңғылдарының арасындағы учаскеде) №201/301 станцияларының ауысып міну торабын салу жұмысы жүріп жатыр. Қазақ радиосы көшесі мен Қабанбай батыр даңғылының арасындағы учаскеде екі тірекке бетон құю жұмысы аяқталды. Сондай-ақ қадалар мен арқалықтарды орнату жұмысы жүріп жатыр. Өзге учаскелерде алдағы құрылыс-монтаж жұмысына дайындық жүргізілуде.