Жағалаудан 15 шақырым жерде болған: Жамбыл облысында екі балықшы құтқарылды

© Sputnik/Ертай Сарбасов Sputnik /Камшат Абдирайым
Жазылу
Балықшылардың қайығының қозғалтқышы істен шыққан
АСТАНА, 18 қазан - Sputnik.Құтқарушылар Балқаш көлінен екі балықшыны эвакуациялады, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Мыңарал ауылы маңындағы Балқаш көлінде құтқарушылар екі балықшыға көмек көрсетті.
Екі азамат жағалаудан шамамен 15 шақырым қашықтықта қайықта болған. Қайық қозғалтқышының істен шығуына байланысты олар өздігінен жағаға жете алмаған.
Құтқарушылар оқиға орнынан екі балықшыны эвакуациялап, жағалауға жеткізді. Медициналық көмек қажет болған жоқ.
Құтқарушылар су айдынына шығар алдында қайықтың және қозғалтқыштың жарамдылығын тексеріп, құтқару кеудешелерін киіп, байланыс құралдарын өзімен бірге алып жүру қажеттігін ескертеді.