Батыс Қазақстанда оқушы қыздың аяғымен салған суреттері көпті таңғалдырып жүр - фото
20:14 18.10.2026 (жаңартылды: 20:16 18.10.2026)

CC0 / /
Жазылу
Мүмкіндігі шектеулі болса да, қарымы шексіз суретші қыз дизайнер мамандығына оқуға түсуге дайындалып жүр
АЛМАТЫ, 18 қазан - Sputnik. Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Үлкен Шаған ауылында 17 жастағы Мария Иртикеева талайды таңғалдырып жүр. Жасөспірімнің аяғымен салған суреттері көптеген байқауда жеңімпаз атанған.
Марияның анасы Елена Иртикееваның айтуынша, қызын дүниеге әкелгенде толғағы ауыр болған. Ана мен сәби перзентханадан шыққан соң балалар ауруханасына жатып, емделеді.

17 жастағы Мария Иртикееваның аяғымен салған суреттері көпті таңғалдырып жүр
© Photo : Иртикеевтер отбасының жеке архивінен
"Ол әлсіз болды, бірақ дәрігерлер болашақта еш ақау болмайды, алаңдамаңыз деді. Екі айлық кезінде екпе салдырдық. Сол екпеден кейін Машаның бір жағы сал боп қалып, церебралды сал ауруы диагнозы қойылды. Бала әлсіз болғандықтан медициналық тұрғыда екпеден босату керек болған. Біз ол туралы білмегенбіз, дәрігерлер де айтпады", - дейді анасы.

1/3
© Photo : Иртикеевтер отбасының жеке архивінен
17 жастағы Мария Иртикееваның аяғымен салған суреттері көпті таңғалдырып жүр

2/3

3/3

Мария 2 айлығынан бастап сал ауруымен күресіп келеді. Ата-анасы да бір күн қол қусырып отырған емес, үнемі ізденіс, тынбай еңбек етуде.
"17 жылда өте көп жерге қаралдық. Севастопольдегі дельфин терапиясы Машаға жақсы көмектесті. Қызымның басында жартылай шаш та өспей қалған, сол дельфин терапиясында шашы өсті, қимылы ширады", - дейді ол.
Мария 11 жасқа келгенде сурет сала бастаған.
"Өзі суретке бейім болды. Қолымен салуға қанша тырысса да, сала алмады. Сосын мұрнымен сурет салды, бірақ ол да қиын болды. Ақырында аяғымен сурет салуды бастады", - дейді Елена Иртикеева.
Марияның ата-анасы күні бүгінге дейін ешкімнен көмек сұрап, ешбір мекеме есігін қақпаған.
"17 жылда өте көп жерге қаралдық. Севастопольдегі дельфин терапиясы Машаға жақсы көмектесті. Қызымның басында жартылай шаш та өспей қалған, сол дельфин терапиясында шашы өсті, қимылы ширады", - дейді ол.
Мария 11 жасқа келгенде сурет сала бастаған.
"Өзі суретке бейім болды. Қолымен салуға қанша тырысса да, сала алмады. Сосын мұрнымен сурет салды, бірақ ол да қиын болды. Ақырында аяғымен сурет салуды бастады", - дейді Елена Иртикеева.
Марияның ата-анасы күні бүгінге дейін ешкімнен көмек сұрап, ешбір мекеме есігін қақпаған.

17 жастағы Мария Иртикееваның аяғымен салған суреттері көпті таңғалдырып жүр
© Photo : Иртикеевтер отбасының жеке архивінен
"Машаның әкесі де көмек сұрауға өте қарсы. Өйткені бірінші кезекте ол - біздің мәселеміз, өзіміз шешуіміз керек. Бізге көмектесуге ешкім міндетті емес. Маша туралы бұған дейін көп айтылмаған. Өйткені елден көмек сұраған сияқты көрінгіміз келмейді", - дейді Елена Николаевна.
Марияның қабілетін байқаған психолог оның суреттерін біраз байқауға қатыстырған. Талантты қыз бірнеше рет жеңімпаз атанған.
Sputnik Қазақстан тілшісі Марияның өзімен де тілдесті.
"Мен кез келген тақырыпта сурет саламын. Әсіресе адамдардың бейнесін салғанды ұнатамын. Өйткені адамдардың бейнесінен мен тек әдемілікті көремін. Жалпы мен айналамнан тек жақсылық, әдемілікті ғана көремін. Болашақ арманым өз сурет көрмемді ашсам деймін", - дейді суретші қыз Мария Иртикеева.
Талантты қыз қандай қиындық болса да, ешқашан мойындамау керек дейді.
Марияның қабілетін байқаған психолог оның суреттерін біраз байқауға қатыстырған. Талантты қыз бірнеше рет жеңімпаз атанған.
Sputnik Қазақстан тілшісі Марияның өзімен де тілдесті.
"Мен кез келген тақырыпта сурет саламын. Әсіресе адамдардың бейнесін салғанды ұнатамын. Өйткені адамдардың бейнесінен мен тек әдемілікті көремін. Жалпы мен айналамнан тек жақсылық, әдемілікті ғана көремін. Болашақ арманым өз сурет көрмемді ашсам деймін", - дейді суретші қыз Мария Иртикеева.
Талантты қыз қандай қиындық болса да, ешқашан мойындамау керек дейді.

1/3
© Photo : Иртикеевтер отбасының жеке архивінен
17 жастағы Мария Иртикееваның аяғымен салған суреттері көпті таңғалдырып жүр

2/3
© Photo : Иртикеевтер отбасының жеке архивінен
17 жастағы Мария Иртикееваның аяғымен салған суреттері көпті таңғалдырып жүр

3/3
© Photo : Иртикеевтер отбасының жеке архивінен
17 жастағы Мария Иртикееваның аяғымен салған суреттері көпті таңғалдырып жүр
1/3
© Photo : Иртикеевтер отбасының жеке архивінен
17 жастағы Мария Иртикееваның аяғымен салған суреттері көпті таңғалдырып жүр
2/3
© Photo : Иртикеевтер отбасының жеке архивінен
17 жастағы Мария Иртикееваның аяғымен салған суреттері көпті таңғалдырып жүр
3/3
© Photo : Иртикеевтер отбасының жеке архивінен
17 жастағы Мария Иртикееваның аяғымен салған суреттері көпті таңғалдырып жүр
"Бір орында тұрып қалмай, тек алға жылжу керек. Мейлі сен басқа адамдар сияқты болмасаң да, салың суға кетпесін. Тек жақсылыққа ұмтыл, еңбек ет", - дейді Мария Иртикеева.
Марияның айтуынша, шығармашылықтың шекарасы жоқ.
Мария қазір педагогикалық институтқа дизайнер мамандығына оқуға түсуге дайындалып жүр. Мектептегі мұғалімдері талантты оқушының сабағы кілең бес, өте алғыр екенін айтады.