Жаңаөзенде 7 айлық сәбидің саусағын металл вентилятор кесіп кеткен - видео

© Photo : Sergek GroupМобильный комплекс Sergek на машине Скорой медпомощи в Кокшетау
Мобильный комплекс Sergek на машине Скорой медпомощи в Кокшетау - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.10.2026
Жазылу
АСТАНА,17 қазан – Sputnik. Жаңаөзенде 7 айлық сәбидің саусағын металл вентилятор кесіп кеткен.
Жаңаөзен көпбейінді қалалық аураханаға үй жағдайында жарақат алған 7 айлық сәби шұғыл түрде жеткізілген. Баланың саусақтарын қосылып тұрған металл вентилятор кесіп кеткен.

"IV саусақтың дистальді бөлігі болмауына байланысты саусақ тұқылы қалыптастырылды. III саусақтың дистальді бөлігі тек тері тіндері арқылы байланысып тұрғандықтан, жараға хирургиялық өңдеу жүргізіліп, тігіс салынды. II саусақтың жарасы өңделіп, тігілді. Бала әрі қарай емдеу және бақылау үшін травматология бөлімшесіне жатқызылды", - дейді дәрігерлер.

Стационарлық ем қабылдағаннан кейін бала травматологтың бақылауында болды.
Железная дорога - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.09.2026
Машинист далада жалғыз жүрген төрт жасар баланы пойызға мінгізіп алды
Жаңалықтар
0