https://sputnik.kz/20261017/qazaqstandyqtar-kiimge-qansha-aqsha-zhumsaydy-67659240.html
Қазақстандықтар киімге қанша ақша жұмсайды
Қазақстандықтар киімге қанша ақша жұмсайды
Sputnik Қазақстан
2026 жылдың қаңтар-тамыз айларында отандық кәсіпорындар 54,2 млрд теңгенің аяқкиімін шығарған 17.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-17T20:00+0500
2026-10-17T20:00+0500
2026-10-17T20:00+0500
киім-кешек
қазақстан
https://sputnik.kz/img/07e9/02/03/50519684_0:0:1232:693_1920x0_80_0_0_a8cf5911d082a6d9840071a917c24fe0.jpg
АЛМАТЫ, 17 қазан – Sputnik. Қазақстандықтардың киімге, матаға және аяқ киімге жұмсайтын шығыны өскенімен, олардың жалпы тұтыну шығынындағы үлесі азайған, деп хабарлады Energyprom.kz.2026 жылдың қаңтар-маусым айларында жан басына шаққанда киімге, матаға және аяқ киімге орта есеппен 136,9 мың теңге жұмсалған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,3%-ға көп.2026 жылдың бірінші жартыжылдығында киімге, матаға және аяқ киімге ең көп шығын жұмсаған өңірлердің көшін Түркістан облысы бастады. Мұнда жан басына шаққандағы шығын 236,8 мың теңгені құраған.Одан кейінгі орындарда Маңғыстау облысы – 211,8 мың теңге және Шымкент қаласы – 205,5 мың теңге. Ал ең аз шығын Шығыс Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыстарында тіркелген.Отандық киім өндірісі өстіҚазақстанда киім өндірісі де артып келеді. 2026 жылдың қаңтар-тамыз айларында отандық кәсіпорындар 54,2 млрд теңгенің өнімін шығарған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,1%-ға көп.Соған қарамастан, елдегі киім мен аяқ киімге деген сұраныстың басым бөлігі импорт есебінен қамтамасыз етіледі.Импорттың үлесі басқа тауар санаттарында да жоғары. Атап айтқанда, спорттық, шаңғы және шомылу киімдері мен өзге де киім түрлерінің 91%-ы, кеудеге арналған киімдер мен аксессуарлардың 89,8%-ы, іш киімдердің 88,8%-ы және шұлықтардың 83,7%-ы шетелден жеткізілген.
https://sputnik.kz/20260104/biyl-qanday-tus-pen-kiim-trendte-bolady---dizaynerler-kenes-berdi-60016971.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/02/03/50519684_0:0:1232:925_1920x0_80_0_0_6627606e36e2924db425deea33980ac4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
киім-кешек, қазақстан
Қазақстандықтар киімге қанша ақша жұмсайды
2026 жылдың қаңтар-тамыз айларында отандық кәсіпорындар 54,2 млрд теңгенің аяқкиімін шығарған
АЛМАТЫ, 17 қазан – Sputnik. Қазақстандықтардың киімге, матаға және аяқ киімге жұмсайтын шығыны өскенімен, олардың жалпы тұтыну шығынындағы үлесі азайған, деп хабарлады
Energyprom.kz. 2026 жылдың қаңтар-маусым айларында жан басына шаққанда киімге, матаға және аяқ киімге орта есеппен 136,9 мың теңге жұмсалған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,3%-ға көп.
"Он жыл ішінде осы тауарларға жұмсалған шығын 79,6 мың теңгеден 136,9 мың теңгеге дейін өсіп, 72%-ға артқан. Алайда олардың жалпы тұтыну шығындарындағы үлесі 10,5%-дан 6,7%-ға дейін төмендеген. Ал 2020 жылы киімге, матаға және аяқ киімге жұмсалатын шығын 76,1 мың теңгеге дейін азайған", - деп жазды портал.
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында киімге, матаға және аяқ киімге ең көп шығын жұмсаған өңірлердің көшін Түркістан облысы бастады. Мұнда жан басына шаққандағы шығын 236,8 мың теңгені құраған.
Одан кейінгі орындарда Маңғыстау облысы – 211,8 мың теңге және Шымкент қаласы – 205,5 мың теңге. Ал ең аз шығын Шығыс Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыстарында тіркелген.
Отандық киім өндірісі өсті
Қазақстанда киім өндірісі де артып келеді. 2026 жылдың қаңтар-тамыз айларында отандық кәсіпорындар 54,2 млрд теңгенің өнімін шығарған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,1%-ға көп.
Соған қарамастан, елдегі киім мен аяқ киімге деген сұраныстың басым бөлігі импорт есебінен қамтамасыз етіледі.
"2026 жылдың қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша сыртқы трикотаж киімге деген сұраныстың 98,6%-ын шетелдік өнім өтеген", - дейді мамандар.
Импорттың үлесі басқа тауар санаттарында да жоғары. Атап айтқанда, спорттық, шаңғы және шомылу киімдері мен өзге де киім түрлерінің 91%-ы, кеудеге арналған киімдер мен аксессуарлардың 89,8%-ы, іш киімдердің 88,8%-ы және шұлықтардың 83,7%-ы шетелден жеткізілген.