Қазақстан мен Камбоджа жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты дамытпақ

© Photo : Ақорданың баспасөз қызметіҚасым-Жомарт Тоқаев пен Хун Манет кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хун Манет кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.10.2026
Жазылу
Қазақстан электронды үкіметті дамыту бағытында оң нәтижелерге қол жеткізіп келе жатыр
АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Камбоджа премьер-министрі Хун Манет кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізіп, саяси диалогты нығайту, сауда-экономикалық байланыстарды дамыту және жаңа ынтымақтастық бағыттарын талқылады, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев Камбоджа премьер-министрінің Қазақстанға алғашқы сапары екіжақты қарым-қатынасты жандандыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.
"Қазақстан Камбоджаны Оңтүстік-Шығыс Азиядағы сенімді серіктесі және АСЕАН ұйымымен ықпалдастықты кеңейтудегі маңызды елдердің бірі ретінде қарастырады", – деді мемлекет басшысы.
Президент жоғары технологиялар мен жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты дамытуға әлеует бар екенін айтты. Сондай-ақ Қазақстанның электронды үкіметті дамыту бағытында оң нәтижелерге қол жеткізіп келе жатқанын атап өтті.
"Ортақ ниет пен берік саяси ерік-жігер болса, өзара мүддемізге сай келетін көптеген бағыт бойынша ынтымақтастық аясын кеңейте алатынымызға сенімдімін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ал Хун Манет екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстардың маңызын атап өтті. Оның айтуынша, Камбоджаның 120-дан астам студенті Қазақстанда білім алған.
"Бүгінде олардың көбі провинцияларда губернатор, мемлекеттік хатшы лауазымдарында еңбек етуде. Сонымен қатар мемлекеттік органдарда жауапты қызметтер атқарып жүр. Бұл елдерімізді ортақ тарих пен халықтарымыз арасындағы тығыз қарым-қатынас байланыстыратынын аңғартады", – деді Камбоджа премьер-министрі.
Хун Манет Камбоджаның азық-түлік қауіпсіздігі, ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі салаларындағы ынтымақтастықты жандандыруға ниетті екенін жеткізді.
Келіссөз қорытындысы бойынша тараптар сауда көлемін ұлғайтуға, іскерлік байланыстарды нығайтуға және жаңа серіктестік бағыттарын дамытуға сенім білдірді. Сондай-ақ бірлескен мәлімдеме қабылданып, бірқатар құжатқа қол қою жоспарланған.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Камбоджа премьер-министрі Хун Манет шағын құрамда келіссөз жүргізді - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.10.2026
"Бұл сапардың тарихи мәні зор": Тоқаев пен Камбоджа премьері келіссөз жүргізді
Жаңалықтар
0