https://sputnik.kz/20261017/bugin-alemde-zhane-qazaqstanda-qanday-mereke-bolady-17-qazan-67650513.html
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 17 қазан
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 17 қазан
Sputnik Қазақстан
17 қазан күні не болғанын білесіз бе? 17.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-17T00:01+0500
2026-10-17T00:01+0500
2026-10-17T00:01+0500
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе
қызықты деректер
https://sputnik.kz/img/1172/77/11727746_58:0:2943:1623_1920x0_80_0_0_a34e16fe2463611558c6f65c5fd83e85.jpg
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.17 қазанда қандай қызықты оқиғалар болдыБүгін халықаралық кедейлікпен күрес күні. Мерекелердің қатарына қосуға келмейтін күндер бар. Десе де адамзат олар туралы білуі тиіс. Кедейлікке қарсы күрес күнін ойланбастан осы категорияға жатқызуға болады. Оны 1987 жылы Париждегі Трокадеро алаңына кедейліктен қайтыс болған адамдардың құрметіне ескерткіш қойғалы атап өтіп келеді. Бұл мерекені күнтізбеге енгізу бастамасын "Төртінші әлем" қозғалысы көтерді. Оның мүшелері әртүрлі науқан ұйымдастыру арқылы қоғам мен биліктің назарын халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына аударуға тырысады.Сондай-ақ, 17 қазан күні майшам жағып бас қосу мерекесі атап өтіледі. Оны кез келген адам атап өте алады. Ең бастысы, отырыстың қайда өтетінін белгілеу және қажетінше көбірек майшам сатып алу. Мұнымен қатар, майшамның қандай түрі болатыны да маңызды емес. Бұл күні отбасымен дастархан басына жиналып, өсіп келе жатқан ұрпаққа жастық шағыңызда не істегеніңіз туралы айтып беруіңізге болады. Тағы бір нұсқа — достармен жиналып, қызықты әңгіме-дүкен құру. Мұнымен қатар, сүйіктіңізбен бірге романтикалық кеш өткізуіңізге де болады. Егер бұл мерекені кіммен бірге өткізеріңізді білмесеңіз мұңаймаңыз. Кересінше бұл тыныштықта қалып, жан дүниеңізді ретке келтіруге таптырмас мүмкіндік болмақ.17 қазан күні болған тарихи оқиғалар1740 жылы Петропавл-Камчат қаласы құрылды;1777 жылы АҚШ-тың тәуелсіздік соғысы кезінде британ әскері Саратога шайқасында америкалық әскерге берілді;1814 жылы Лондонда сыра сақталған үлкен бөшкелер жарылып, көшелерді сыра басып қалды. Оқиға салдарынан 8 адам қаза тапты;1855 жылы болат дайындау процесі патенттелді;1860 жылы Шотландияда гольфтан алғашқы ашық чемпионат — The Open Championship өтт1902 жылы АҚШ-та "Кадиллак" маркалы алғашқы автомобиль шықты;1918 жылы Мәскеуде әлемдегі ең бірінші мемлекеттік ойыншықтар музейі ашылды;1933 жылы физик Альберт Эйнштейн нацистік Германиядан қашып, АҚШ-қа келді;1973 жылы араб мұнай экспорттаушы елдері бірқатар мемлекетке мұнай жеткізуді шектей бастады. Бұл әлемдік мұнай дағдарысына әсер етті.17 қазанда Қазақстанда қандай тарихи оқиғалар болды1981 жылы Алматыда Мәскеу және Алатау аудандары құрылды;1981 жылы Алматының миллионыншы тұрғыны Бауыржан Қадырсызов дүниеге келді;1992 жылы Алматы облысының Күрті ауданында батыр, ғалым, Қазыбек Тауасарұлына ескерткіш орнатылды;1992 жылы Қызылорда облысының Қазалы ауданында қазақ халқының отаршылдық езгіге қарсы ұлт-азаттық күресінің көшбасшыларының бірі Жанқожа батырға ескерткіш орнатылды;2008 жылы Түркия Республикасы Ризе қаласының университетінде Махмуд Қашқаридың туғанына 1000 жыл толуына арналған "Ата сөздігіміз, рухани кенішіміз" халықаралық симпозиумі болып өтті;2008 жылы Астанада "Ортақ әлем: әр түрлілік арқылы прогреске" халықаралық форумы өтті;17 қазанда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар1915 жылы америкалық драматург әрі жазушы Артур Миллер дүниеге келді;1947 жылы Ресей Федерациясының еңбек сіңірген әртісі Валентина Кособуцкая туды;1948 жылы канада-америкалық актриса әрі продюсер Марго Киддер дүниеге келді;1956 жылы ғарышқа ұшқан алғашқы афроамерикалық әйел Мэй Джемисон дүниеге келді;1967 жылы Ресейдің мемлекеттік қайраткері, дипломат, аудармашы және Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков дүние есігін ашты;1972 жылы америкалық рэпер әрі актер Эминем дүниеге келді;1988 жылы украиналық әнші Иван Дорн туды. 17 қазанда Қазақстанда кім туды1938 жылы философия ғылымының докторы, профессор, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мұрат Сәбит дүниеге келді;1939 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшісі Орысбай Баймырзаев туды;1943 жылы жазушы Шәкен Күмісбайұлы өмірге келді;1943 жылы ақын Мінуар Әкімханов туды;1961 жылы қоғам қайраткері, Сенаттың бұрынғы депутаты Зәуреш Батталова дүниеге келді.1970 жылы қазақ эстрадасының әншісі Толқын Забирова дүниеге келді.
https://sputnik.kz/20261016/bugin-alemde-zhane-qazaqstanda-qanday-mereke-bolady-16-qazan-67623542.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1172/77/11727746_419:0:2583:1623_1920x0_80_0_0_9f166b3d5183368b778a5f8edc19115e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе, қызықты деректер
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе, қызықты деректер
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 17 қазан
17 қазан күні не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын
Sputnik дерекқорынан оқыңыз.
17 қазанда қандай қызықты оқиғалар болды
Бүгін халықаралық кедейлікпен күрес күні. Мерекелердің қатарына қосуға келмейтін күндер бар. Десе де адамзат олар туралы білуі тиіс. Кедейлікке қарсы күрес күнін ойланбастан осы категорияға жатқызуға болады. Оны 1987 жылы Париждегі Трокадеро алаңына кедейліктен қайтыс болған адамдардың құрметіне ескерткіш қойғалы атап өтіп келеді. Бұл мерекені күнтізбеге енгізу бастамасын "Төртінші әлем" қозғалысы көтерді. Оның мүшелері әртүрлі науқан ұйымдастыру арқылы қоғам мен биліктің назарын халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына аударуға тырысады.
Сондай-ақ, 17 қазан күні майшам жағып бас қосу мерекесі атап өтіледі. Оны кез келген адам атап өте алады. Ең бастысы, отырыстың қайда өтетінін белгілеу және қажетінше көбірек майшам сатып алу. Мұнымен қатар, майшамның қандай түрі болатыны да маңызды емес. Бұл күні отбасымен дастархан басына жиналып, өсіп келе жатқан ұрпаққа жастық шағыңызда не істегеніңіз туралы айтып беруіңізге болады. Тағы бір нұсқа — достармен жиналып, қызықты әңгіме-дүкен құру. Мұнымен қатар, сүйіктіңізбен бірге романтикалық кеш өткізуіңізге де болады. Егер бұл мерекені кіммен бірге өткізеріңізді білмесеңіз мұңаймаңыз. Кересінше бұл тыныштықта қалып, жан дүниеңізді ретке келтіруге таптырмас мүмкіндік болмақ.
17 қазан күні болған тарихи оқиғалар
1740 жылы Петропавл-Камчат қаласы құрылды;
1777 жылы АҚШ-тың тәуелсіздік соғысы кезінде британ әскері Саратога шайқасында америкалық әскерге берілді;
1814 жылы Лондонда сыра сақталған үлкен бөшкелер жарылып, көшелерді сыра басып қалды. Оқиға салдарынан 8 адам қаза тапты;
1855 жылы болат дайындау процесі патенттелді;
1860 жылы Шотландияда гольфтан алғашқы ашық чемпионат — The Open Championship өтт
1902 жылы АҚШ-та "Кадиллак" маркалы алғашқы автомобиль шықты;
1918 жылы Мәскеуде әлемдегі ең бірінші мемлекеттік ойыншықтар музейі ашылды;
1933 жылы физик Альберт Эйнштейн нацистік Германиядан қашып, АҚШ-қа келді;
1973 жылы араб мұнай экспорттаушы елдері бірқатар мемлекетке мұнай жеткізуді шектей бастады. Бұл әлемдік мұнай дағдарысына әсер етті.
17 қазанда Қазақстанда қандай тарихи оқиғалар болды
1981 жылы Алматыда Мәскеу және Алатау аудандары құрылды;
1981 жылы Алматының миллионыншы тұрғыны Бауыржан Қадырсызов дүниеге келді;
1992 жылы Алматы облысының Күрті ауданында батыр, ғалым, Қазыбек Тауасарұлына ескерткіш орнатылды;
1992 жылы Қызылорда облысының Қазалы ауданында қазақ халқының отаршылдық езгіге қарсы ұлт-азаттық күресінің көшбасшыларының бірі Жанқожа батырға ескерткіш орнатылды;
2008 жылы Түркия Республикасы Ризе қаласының университетінде Махмуд Қашқаридың туғанына 1000 жыл толуына арналған "Ата сөздігіміз, рухани кенішіміз" халықаралық симпозиумі болып өтті;
2008 жылы Астанада "Ортақ әлем: әр түрлілік арқылы прогреске" халықаралық форумы өтті;
17 қазанда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар
1915 жылы америкалық драматург әрі жазушы Артур Миллер дүниеге келді;
1947 жылы Ресей Федерациясының еңбек сіңірген әртісі Валентина Кособуцкая туды;
1948 жылы канада-америкалық актриса әрі продюсер Марго Киддер дүниеге келді;
1956 жылы ғарышқа ұшқан алғашқы афроамерикалық әйел Мэй Джемисон дүниеге келді;
1967 жылы Ресейдің мемлекеттік қайраткері, дипломат, аудармашы және Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков дүние есігін ашты;
1972 жылы америкалық рэпер әрі актер Эминем дүниеге келді;
1988 жылы украиналық әнші Иван Дорн туды.
17 қазанда Қазақстанда кім туды
1938 жылы философия ғылымының докторы, профессор, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мұрат Сәбит дүниеге келді;
1939 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшісі Орысбай Баймырзаев туды;
1943 жылы жазушы Шәкен Күмісбайұлы өмірге келді;
1943 жылы ақын Мінуар Әкімханов туды;
1961 жылы қоғам қайраткері, Сенаттың бұрынғы депутаты Зәуреш Батталова дүниеге келді.
1970 жылы қазақ эстрадасының әншісі Толқын Забирова дүниеге келді.