ЖИ, контентті ілгерілету: Sputnik Pro жобасының биылғы соңғы модулі өтті

© Sputnik/СтрингерУчастники модуля в течение недели проходили курс лекций и участвовали в мастер-классах по трендам современных медиа
Участники модуля в течение недели проходили курс лекций и участвовали в мастер-классах по трендам современных медиа - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.10.2026
Жазылу
Қазан айындағы бағдарламаға Қазақстан, Абхазия, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Оңтүстік Осетиядан журналистер, блогерлер, SMM және PR мамандары қатысты
АСТАНА, 16 қазан – Sputnik. Мәскеуде 12-16 қазан аралығында "Sputnik Pro на Зубовском" жобасының биылғы соңғы модулі өтті.
Бір апта бойы қатысушылар заманауи медиа трендтеріне арналған дәрістер тыңдап, шеберлік сабақтарына қатысты. Бағдарламада түрлі платформаларда контент жасау және оны ілгерілету, Telegram-да ақпараттық арна жүргізу, сондай-ақ медиамониторинг қағидаттары қамтылды.
© Sputnik/СтрингерМәскеуде 12-16 қазан аралығында "Sputnik Pro на Зубовском" жобасының биылғы соңғы модулі өтті
В Москве с 12 по 16 октября в главном офисе медиагруппы Россия сегодня состоялся финальный в этом году модуль проекта Sputnik Pro на Зубовском. - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.10.2026
Мәскеуде 12-16 қазан аралығында "Sputnik Pro на Зубовском" жобасының биылғы соңғы модулі өтті
Қазір мұндай бағдарламалардың ешқайсысы нейрондық желілер тақырыбынсыз өтпейді. Жасанды интеллект қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудыратын тақырыптардың бірі болып отыр.
© Sputnik/СтрингерҚазақстандық қатысушы Анар Ысқақова
Участник из Казахстана Анара Ыскакова - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.10.2026
Қазақстандық қатысушы Анар Ысқақова
"Маған фактчекинг пен жасанды интеллект туралы дәрістер өте ұнады. Лекторлардың барлық кеңесін, әсіресе жаңалықтар дайындағанда қолдануға тырысамын. Мысалы, жасанды интеллект арқылы оқырманның назарын аударатын қызықты тақырыптар ойлап табуға болады", – деді Sputnik-ке Қазақстаннан келген қатысушы Анар Ысқақова.
15-модуль аясында медиа саласының түрлі мамандарымен бірнеше кездесу өтті. Атап айтқанда, қатысушылар әскери тілшімен кездесіп, қауіпті аймақтардағы жұмыстың ерекшеліктерімен танысты. Сондай-ақ "Диалог" автономды коммерциялық емес ұйымы мен Халықаралық фактчекинг қауымдастығының шақырылған спикерлері жалған ақпарат таратудағы қазіргі үрдістер туралы айтып берді.
Бағдарламаға ресейлік саясаткер әрі қоғам қайраткері Мария Бутина да қонақ болды. Ол АҚШ-та тұтқындалуы және түрмеде өткізген уақыты туралы тәжірибесімен бөлісіп, ұлтаралық диалог саласындағы қазіргі қиындықтарға тоқталды.
© Sputnik/СтрингерРесейлік саясаткер әрі қоғам қайраткері Мария Бутина
Российский политик и общественный деятель Мария Бутина - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.10.2026
Ресейлік саясаткер әрі қоғам қайраткері Мария Бутина
Айта кетері, "Sputnik Pro на Зубовском" – дәрістер курсы ғана емес, тәжірибе алмасуға және жаңа кәсіби байланыстар орнатуға арналған алаң.
"Біз қазірдің өзінде чат аштық. Енді араласуды жалғастырып, тәжірибе алмасып, сұрақтар қойып, бір-бірімізге көмектесе аламыз", – деді Оңтүстік Осетиядан келген қатысушы Олег Плиев.
Оның әріптесі Донна Дудаева да алдағы уақытта байланыста болып, кәсіби мәселелер бойынша тәжірибе алмасуға үмітті екенін айтты.
© Sputnik/Стрингер"Sputnik Pro на Зубовском" – ТМД елдерінің журналистеріне арналған жоба
SputnikPro на Зубовском — это не только курс лекций, но и пространство для обмена опытом и создания новых профессиональных контактов - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.10.2026
"Sputnik Pro на Зубовском" – ТМД елдерінің журналистеріне арналған жоба
Модуль кезінде қатысушыларға мәдени бағдарламамен танысуға да уақыт бөлінді. Олардың кейбірі жобаға қатысу арқылы Мәскеуге алғаш рет келген.

"Ұйымдастыру деңгейін ерекше атап өткім келеді. Бізге қамқорлық көрсетіліп жатқаны сезіледі. Мысалы, Мәскеудегі негізгі мәдени орындарға қалай жетуге болатыны көрсетілген карта берілді. Бұл өте пайдалы. Мен Мәскеуге алғаш рет келіп отырмын, Қызыл алаң мен Ескі Арбатты көріп үлгердім", – деді өзбекстандық қатысушы Ситора Примова.

"Sputnik Pro на Зубовском" – ТМД елдерінің журналистеріне арналған, жақын шетелдер мен Балтық елдеріндегі мультимедиа орталықтары дирекциясы жүзеге асыратын жоба. Бағдарлама 2023 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы уақыт аралығында 16 модуль ұйымдастырылып, оған жақын шетелдегі 11 елден 192 адам қатысты.
Жаңалықтар
0